Ойлан,
жуас жан іздеген, жар іздеген жас талап,
Өмір сенің күткеніңнен əлдеқайда басқарақ,
Еркек сұлу көрінбей ме еркімен,
Еркіндіктің нұры ойнаған көркімен.
Жалғандыққа күрес ашқан ісімен,
Сүйгеніне берген қайсар сертімен,
Жəне соны қорғай білген күшімен.
Ойлы əлемнің əйелдерсіз күні бар ма көктеген,
Əйтсе де мен əйелге ұқсас еркектерді жек көрем!
Еркектерге еліктеген əйелдің де аз табары,
Иə, əр жыныс өз мінезін сақтауымен бағалы.
Жігіт жігіт санала ма бұғып жүрсе тасаңда,
Өз пікірі жоқ еркектен қорқу керек қашанда!!!
Қанаттыны кері тартып, табандап,
Ұшар кезде ұша алмайтын шабандап,
Өз пікірі жоқ еркектер ел басқарса не болмақ?!
Тоқтамайды еркектер мен телпектердің жарысы,
Ойлан, қалқам, еркекті еркек етіп келген— намысы.
— Мұхтар Шаханов