🕊️ ҚАНАТЫ СЫНҒАН ҚҰС ТУРАЛЫ ХИКАЯ
⏳Ибраһим ибн Адһам деген ғалымның Шақиқ әл-Бәлхи деген досы болған екен. Ол кісі сауда-саттықпен айналысып, ұзақ сапарларға шығып жүреді. Бір күні Ибраһим ибн Адһам досын сапарға шығарып салады. Бірақ ол көп ұзамай қайтып келеді. Ибраһим досының қайтып келгенін көріп, бұның мән-жайын сұрайды. Сонда Шақиқ әл-Бәлхи оның себебін былай деп түсіндіреді:
«Жолда демалып отырғанымда, қанаты сынған, көзі көрмейтін, бір құсты көрдім. Мына байғұс қалай қоректенеді екен деп ойланып отырғанымда, бір қанаты бүтін құс келіп, жаңағы құстың аузына тамақ салды. Сонда мен: «Уа, Алла! Мына көзі көрмейтін, қанаты сынған құсты тамақтандырған кезде, мендей құлыңды міндетті түрде аштан қалдырмайсың ғой», – деген ойға келдім де, кері қайттым», – дейді.
Сонда Ибраһим: «Иә, Шақиқ! Сен қанаты сынған құсқа емес, қоректендірген құсқа ұқсауды ойламадың ба? Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Беруші қол, алушы қолдан қайырлы», – деді емес пе?» – дейді. Шақиқ ойланып қалып: «Иә, Ибраһим! Мен қате ойлаппын, сен біздің ұстазымыз екенсің», – деп өзінің қателігін түсінген екен
📚 Ибн Асакир «Тариху Димашқ»
#жұмамінбері