🌙Күллі ислам әлемі асыға күтетін Рамазан айы келді!
🌹Исі мұсылман бұл айда бес парызының бірі - ораза ұстап, тіпті мүмкіндігі барлар зекетін беріп, ауыз аштырып, тігінен-тік тұрып тарауих намазын оқып, Құран хатымын жасап, пітір садақасын берумен жүректерін нұрға шомылдырып, мүмкіндігі рухани мәре-сәре болады. Себебі бұл Он сегіз мың ғаламның Жаратушысы - Алла Тағаланың пенделеріне мұстақим тура жолға бастаушы қасиетті Құран Кәрімнің алғашқы мүбәрәк аяттары түсе бастаған, сексен үш жыл төрт айға тең келетін Қадір түні бар, сондай-ақ тілек-баталар қабыл болатын қасиетті Рамазан айы.
✅Рамазан - мейірім мен игілік, береке, кешірім, қайырымдылық еселенетін ай. Хадисте: «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі»,- деген.
🔰«Расулулла (с.ғ.с.): «Қиямет күні Алла Тағала жолына екі нәрсені жұмсаған адамды жәннаттың бір есігінен: «Ей, Алланыңқұлы! Бұл – жақсылық», – деп шақырылады. Намаз оқығанды «намаз» есігінен, Алла Тағала жолында соғысқанды «жиһад» есігінен, ораза ұстағандарды «Раййан» есігінен, ал садақа бергендерді «садақа» есігінен шақырады», – деп айтқан уақытта Әбу Бәкір (р.а.): «Бұл есіктерден шақырылғандарға не қам, не қайғы? Алайда осы есіктің барлығынан бірдей шақырылатын пенде бола ма?», – деп сұрады. Расулулла (с.ғ.с.): «Иә, болады. Мен Алла Тағаладан Сізді солардың бірі болуыңызды тілеймін», – деп жауап берді».
Ендеше, бүкіл нығметтер есігі айқара ашылатын, әрбір сәті берекеге толы қасиетті РАМАЗАН, ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!