NIS


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


🌱«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ресми телеграм-каналы
🌱Официальный телеграм-канал «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций


🌱Сборная NIS вновь признана лучшей на республиканской олимпиаде

Команда Назарбаев Интеллектуальных школ в восьмой раз стала победителем в номинации «Лучшая олимпийская команда – 2025» на республиканской олимпиаде по общеобразовательным предметам естественно-математического направления.

Соревнования прошли в трёх городах Казахстана – Актау, Астане и Алматы. Ученики NIS продемонстрировали высокий уровень подготовки и отличные результаты на всех этапах олимпиады, завоевав в общей сложности 65 медалей различного образца.

Напомним, организаторами олимпиады выступили Республиканский научно-практический центр «Дарын» и Центр «Алматы дарыны» при поддержке Министерства просвещения Республики Казахстан и акимата города Алматы.




🌱NIS республикалық олимпиадада тағы да үздік деп танылды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы жаратылыстану-математика бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада сегізінші мәрте «Үздік олимпиадалық команда – 2025» номинациясының жеңімпазы атанды.

Биылғы республикалық олимпиада Ақтау, Астана және Алматы қалаларында өтті. Әр кезеңде жоғары білім деңгейін көрсеткен NIS оқушылары жалпы саны 65 медаль жеңіп алды: 28 алтын, 21 күміс және 16 қола.

Айта кетейік, олимпиаданы ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырды.


🌱Названы имена победителей и призеров республиканской олимпиады по географии и математике

В Алматы завершилась республиканская олимпиада по географии и математике среди учеников 9-11 (12) классов. Более 300 талантливых школьника со всей страны продемонстрировали свои знания в теоретическом и практическом турах, решали сложные задачи.

Сборная команда NIS завоевала 14 золотых, 9 серебряных и 5 бронзовых медалей.

Золотые медалисты:
Микаэль Почукаев – NIS химико-биологического направления города Шымкент, география
Актилек Аманжолов – NIS Актобе, география
Андрей Енбахтов – NIS Костанай, география
Шынгыс Мурсалим – NIS Павлодар, география
Рамиль Имашев – NIS Талдыкорган, география
Альнур Турсунханов – столичная NIS физико-математического направления, география
Алихан Калмагамбетов – NIS Актобе, география
Акжол Болат – NIS Талдыкорган, география
Арсен Сыдыков – NIS химико-биологического направления города Шымкент, география
Канат Серикбай – NIS химико-биологического направления города Шымкент, география
Али Еркебуланулы – NIS физико-математического направления города Алматы, математика
Эльдар Усенов – NIS физико-математического направления города Алматы, математика
Санжар Ержанов – NIS физико-математического направления города Алматы, математика
Дамир Нурланов – NIS Актау, математика

Серебряные медалисты:
Султан Абдуллаев – NIS физико-математического направления города Алматы, география
Бахтияр Даниялов – NIS Павлодар, география
Артур Штро – NIS Караганда, география
Мухаммедамир Жангазы – NIS химико-биологического направления города Алматы, география
Талгат Байбусунов – NIS Караганда, география
Мансур Турсунгалиев – NIS Павлодар, география
Аружан Батырхан – NIS физико-математического направления города Алматы, математика
Игорь Сапрыкин – NIS Костанай, математика
Ринат Аманкос – NIS химико-биологического направления города Алматы, математика

Бронзовые медалисты:
Бекзат Байкенов – NIS Павлодар, география
Ануар Кабдрахман – NIS Павлодар, география
Ильясгиждуани Егеубаев – NIS физико-математического направления города Алматы, математика
Мухаммадсолих Абдугафаров – NIS физико-математического направления города Алматы, математика
Мейирбек Мурат – NIS Уральск, математика




🌱География мен математика пәнінен өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегелері анықталды

Алматы қаласында 9-11 (12) сыныптар арасындағы география мен математика пәнінен республикалық олимпида мәресіне жетті. Еліміздің әр түкпірінен қатысқан 300 ден аса дарында оқушы практикалық әрі теориялық турларда білімін көрсетіп, қиын есептерді шешті.

NIS құрама командасы 14 алтын, 9 күміс және 5 қола медальға ие болды.

Алтын медаль алғандар:
Микаэль Почукаев – Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS
Ақтілек Аманжолов – Ақтөбедегі NIS, география
Андрей Енбахтов – Қостанайдағы NIS, география
Шыңғыс Мурсалим – Павлодардағы NIS, география
Рамиль Имашев –Талдықорғандағы NIS, география
Альнур Турсунханов – Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS, география
Әлихан Қалмағамбетов – Ақтөбедегі NIS, география
Ақжол Болат – Талдықорғандағы NIS, география
Арсен Сыдыков – Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS, география
Қанат Серікбай – Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS, география
Али Еркебұланұлы – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS, математика
Эльдар Усенов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS, математика
Санжар Ержанов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS, математика
Дамир Нұрланов – Ақтаудағы NIS, математика

Күміс медаль алғандар:
Сұлтан Абдуллаев – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS, география
Бахтияр Даниялов – Павлодардағы NIS, география
Артур Штро – Қарағандыдағы NIS, география
Мухаммедамир Жанғазы – Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS, география
Талғат Байбусунов – Қарағандыдағы NIS, география
Мансұр Турсунгалиев – Павлодардағы NIS, география
Аружан Батырхан – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS, математика
Игорь Сапрыкин – Қостанайдағы NIS, математика
Ринат Аманқос – Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS, математика

Қола медаль алғандар:
Бекзат Байкенов – Павлодардағы NIS, география
Ануар Кабдрахман – Павлодардағы NIS, география
Ильясгиждуани Егеубаев – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS, математика
Мухаммадсолих Абдугафаров – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS, математика
Мейірбек Мұрат – Оралдағы NIS, математика


🌱Астана принимает участников республиканского интенсива для сельских педагогов

В Астане стартовал первый республиканский интенсив «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» для педагогов опорных сельских школ, организованный автономной организацией образования «Назарбаев Интеллектуальные школы».

На торжественной церемонии открытия приняли участие заместитель Председателя Комитета среднего образования Министерства просвещения РК Жомарт Карамбаев, управляющий директор общественного фонда «Қазақстан халқына» Серикбек Елшибеков, а также Председатель попечительского совета Фонда устойчивого развития образования Куляш Шамшидинова.

В ходе встречи с учителями заместитель Председателя Правления АОО NIS Жанбота Кабдыкаримова напомнила о важной задаче, обозначенной Президентом Касым-Жомартом Токаевым в Послании 2019 года, – сокращении разрыва в качестве среднего образования между городом и селом.

– Одной из основных причин такого разрыва Президент назвал дефицит квалифицированных педагогов в сельской местности. Это стало отправной точкой для запуска масштабного проекта по поддержке сельских школ со стороны NIS. Если в самом начале в нем участвовали лишь 5 школ, то сегодня их уже 135, а до конца года планируется охватить около 200 сельских школ. Учителя опорных школ активно обмениваются опытом с коллегами из других населенных пунктов через онлайн-платформу «Кәсіби ұстаз», – отметила Жанбота Кабдыкаримова.


О значимости опорных школ в развитии сельского образования рассказала и Куляш Шамшидинова:

– У проекта две ключевые цели. Первая – обеспечить качественное образование в соответствии с современными стандартами. Вторая – развивать у школьников навыки, которые будут востребованы в будущем. Опорные школы становятся центрами роста не только благодаря улучшенной инфраструктуре, но и за счет системной работы по развитию человеческого капитала. Они объединяют вокруг себя другие сельские школы, способствуют обмену практиками и повышению профессионального уровня учителей.


Команда NIS разработала содержательную программу для 500 участников – директоров и учителей предметников из 135 сельских опорных школ.

В течение двух дней участники будут делиться своими идеями и успешными практиками в формате мастер-классов. Учителя обсудят актуальные темы – стратегии развития функциональной и учебной грамотности, важность мини-проектов, основанных на глубоком анализе текста, интеграцию STEM-технологий в предметное обучение, разработку заданий, адаптированных к жизненным ситуациям.

Следует отметить, что в проекте «Развитие потенциала опорных школ в сельской местности» основная роль Назарбаев Интеллектуальных школ заключается в оказании методической поддержки учителям. NIS охватывает такие направления, как выявление профессиональных потребностей педагогов, наблюдение за учебными занятиями с последующей обратной связью, организация и проведение обучающих курсов, методическая поддержка после завершения обучения, совместное решение вопросов, связанных с благополучием учеников, а также организация стажировок для педагогов на базе Интеллектуальных школ.

Напомним, что методический интенсив проводится в рамках проекта «Развитие потенциала опорных школ в сельской местности». Благотворительная инициатива реализуется в партнерстве АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», Фонда устойчивого развития образования и общественного фонда «Қазақстан халқына» при поддержке Министерства просвещения Республики Казахстан.




🌱Елордада ауыл педагогтеріне арналған республикалық интенсив басталды

Елордада ауылдық тірек мектептері мұғалімдеріне арналған «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» атты алғашқы республикалық интенсив басталды. Шараны Назарбаев Зияткерлік мектептері ұйымдастырды.

Ауқымды педагогикалық жиынға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарушы директоры Серікбек Елшібеков және Білім беруді тұрақты дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысты.

Мұғалімдермен кездесу барысында NIS Басқарма төрағасының орынбасары Жанбота Кабдыкаримова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы Жолдауында айтылған маңызды міндеттердің бірі – қала мен ауыл арасындағы орта білім сапасындағы алшақтықты азайту қажеттігін еске салды.

– Мемлекет басшысы бұл алшақтықтың басты себептерінің бірі ретінде ауылдық жерлердегі білікті педагогтердің тапшылығын атап өткен болатын. Осы жағдай NIS-тің ауыл мектептерін қолдауға арналған ауқымды жобасын бастауға түрткі болды. Егер жобаның бастапқы кезеңінде тек 5 мектеп қамтылса, қазір олардың саны 135-ке жетті. Ал жыл соңына дейін 200-ге жуық ауыл мектебін қамту жоспарымызда бар. Сондай-ақ тірек мектептердің мұғалімдері заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, «Кәсіби ұстаз» онлайн платформасы арқылы басқа өңірлердегі әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасуды жолға қойған, – дейді Жанбота Жетілбекқызы.


Ауыл мектептерін дамытудағы тірек мектептердің маңызы туралы Білім беруді тұрақты дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Күләш Шәмшидинова да ерекше атап өтті:

– Бұл жобаның екі негізгі мақсаты бар. Біріншісі – заманауи стандарттарға сай сапалы білім беру, ал екіншісі – оқушыларда болашақта қажет болатын дағдыларды қалыптастыру. Тірек мектептер тек жақсартылған инфрақұрылымның арқасында ғана емес, адами капиталды дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде де даму орталығына айналып отыр. Олар өз айналасындағы басқа ауыл мектептерін біріктіріп, тәжірибе алмасуға, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етуде.


NIS командасы ауылдық тірек мектептердің 500-ге жуық директоры мен пән мұғалімдеріне арналған мазмұнды бағдарлама әзірледі. Алдағы екі күн ішінде қатысушылар шеберлік сабақтары арқылы өздерінің идеялары мен тәжірибелерін ортаға салады. Жиын барысында мұғалімдер бірнеше маңызды бағыттарды талқылайды. Атап айтқанда, функционалдық және оқу сауаттылығын дамытуға арналған тиімді стратегиялар, мәтінді терең талдауға негізделген шағын жобалардың маңызы, STEM-технологияларын пәндік оқытуға енгізу тәсілдері, сондай-ақ өмірлік жағдаяттарға бейімделген тапсырмаларды құрастыру жолдары сөз болады.

Айта кетейік, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасында «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» негізгі рөлі – педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету. Бұл бағыт аясында мұғалімдердің кәсіби қажеттіліктерін анықтау, сабақтарға қатысып, бақылау жүргізу және кері байланыс беру, оқыту курстарын ұйымдастырып, өткізу, оқыту аяқталғаннан кейін де әдістемелік қолдау білдіру, оқушылардың әл-ауқатына байланысты мәселелерді бірлесе шешу, сондай-ақ мұғалімдердің Зияткерлік мектептер базасында тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік жасау секілді маңызды міндеттер көзделген.

Еске сала кетейік республикалық интенсив «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында өтіп жатыр. Бұл қайырымдылық бастама Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының серіктестігімен жүзеге асуда.


🌱Более 500 детей из опорных сельских школ подали заявление на участие в конурсном отборе

Сегодня в Казахстане стартовал конкурсный отбор претендентов на присуждение образовательного гранта Президента Республики Казахстан «Өркен» в Назарбаев Интеллектуальные школы. В этом году на участие в комплексном тестировании подали заявки рекордное количество школьников – 29 774 претендентов, из них 552 ребенка из опорных сельских школ. А общее количество участников из сельских школ составляет 3336 претендента.

С 2022 года АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» совместно с Фондом устойчивого развития и Фондом «Қазақстан халқына» при поддержке Министерства Просвещения РК реализует программу «Развитие потенциала опорных школ в сельской местности». Проект направлен на повышение качества образования в сельских школах.

Напомним, что конкурсный отбор пройдет 27 и 28 марта 2025 года. Результаты комплексного тестирования будут опубликованы на сайте АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» www.nis.edu.kz через 40 календарных дней после окончания второго дня тестирования.




🌱Ауылдық тірек мектептерінен 500-ден астам үміткер конкурстық іріктеуге қатысады

Бүгін Қазақстанда Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға қабылдау үшін ҚР Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған үміткерлерді конкурстық іріктеу басталды.

Биыл кешенді тестілеуге биыл рекордтық көрсеткіш – 29 774 үміткер өтініш берді. Олардың ішінде 552 оқушы – ауылдық тірек мектептерінен. Жалпы ауыл мектептерінен қатысатын үміткерлер саны 3 336-ны құрайды.

2022 жылдан бері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім беруді тұрақты дамыту қоры және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасын іске асырып келеді. Бұл қайырымдылық бастама ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, конкурстық іріктеу 2025 жылғы 27 және 28 наурыз күндері өтеді. Кешенді тестілеу нәтижесі тестілеудің екінші күні аяқталғаннан кейін 40 күнтізбелік күннен соң «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ www.nis.edu.kz сайтында жарияланады.


🌱Медальная копилка NIS пополнилась на 5 серебряных и 6 бронзовых наград

По традиции, в канун Наурыза команда учеников NIS снова порадовала отличными новостями. В этом году ученики Интеллектуальных школ продемонстрировали высокие результаты на двух престижных международных олимпиадах — Азиатско-Тихоокеанской математической олимпиаде (АТМО) и международной математической олимпиаде «Шелковый путь» (МОШП).

На Азиатско-Тихоокеанской математической олимпиаде серебряную медаль завоевал ученик NIS физико-математического направления города Алматы Эльдар Усенов. На международной математической олимпиаде «Шелковый путь» сразу несколько учеников NIS стали серебряными призерами – ученики NIS физико-математического направления города Алматы Али Еркебуланулы, Санжар Ержанов, Ильясгиждуани Егеубаев и ученик NIS Костаная Игорь Сапрыкин.

Кроме того, несколько учеников NIS удостоились бронзовых наград. На Азиатско-Тихоокеанской математической олимпиаде бронзовыми медалями были награждены Дамир Нурланов из NIS Актау, Ильясгиждуани Егеубаев из алматинской NIS физико-математического направления и Игорь Сапрыкин из NIS Костаная. На международной математической олимпиаде «Шелковый путь» бронзу завоевали Мухаммадсолих Абдугафаров и Эльдар Усенов из NIS физико-математического направления города Алматы, а также Дамир Нурланов из NIS Актау.

Престижные олимпиады объединили участников из более чем 40 стран, которые решали одни из самых сложных математических задач. Успех учеников вновь подтвердил высокий уровень подготовки в NIS.


🌱NIS қоржыны 5 күміс және 6 қола жүлдемен толықты

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында NIS оқушылары тағы да жарқын жетістіктерімен қуантты. Зияткерлік мектептердің шәкірттері екі беделді халықаралық білім додасы – Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы және «Жібек жолы» математикалық олимпиадасында жоғары нәтижелер көрсетті.

Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Эльдар Усенов күміс медаль иеленді. Ал «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасында бірнеше оқушы күміс жүлдегер атанды. Атап айтқанда, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары – Әли Еркебұланұлы, Санжар Ержанов, Ильясгиждуани Егеубаев және Қостанайдағы NIS оқушысы Игорь Сапрыкин.

Сонымен қатар бірнеше оқушы қола медаль иегері атанды. Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында қола жүлдені Ақтаудағы NIS оқушысы Дамир Нұрланов, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Ильясгиждуани Егеубаев және Қостанайдағы NIS оқушысы Игорь Сапрыкин иеленді. Ал «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасында қола жүлдені Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Мұхаммадсолих Абдуғафаров пен Эльдар Усенов, сондай-ақ Ақтаудағы NIS оқушысы Дамир Нұрланов еншіледі.

Әлемнің 40-тан астам елінің жас математиктері бас қосқан бұл беделді олимпиадалар қатысушылардан терең білім мен логикалық ойлауды талап етті. NIS оқушыларының жоғары нәтижелері мектептердегі сапалы дайындық пен жүйелі еңбектің жемісі екенін тағы бір мәрте көрсетті.


🌱NIS подписали меморандум с топовым вузом Китая: выпускники получат стипендии

Автономная организация образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» (NIS) расширяет международное сотрудничество. В числе новых партнёров – Китайский университет Гонконга в Шэньчжэне (CUHK-Shenzhen), один из ведущих вузов Азии.

Меморандум о сотрудничестве подписали заместитель Председателя Правления NIS Сабыржан Садуакасов и директор офиса академических связей CUHK-Shenzhen Пол Ке. Церемония состоялась в рамках Международного дня открытых дверей для абитуриентов бакалавриата.

Что даёт соглашение выпускникам NIS?

Сотрудничество открывает новые образовательные возможности для учеников Интеллектуальных школ. В частности, речь идёт о доступе к передовым методикам обучения, программах академической мобильности и международных обменов, исследовательских инициативах в ведущем вузе Азии.

В рамках соглашения CUHK-Shenzhen выделил две полные стипендии для выпускников NIS на обучение по программам бакалавриата. Они доступны для всех направлений, кроме «Бизнес-администрирования (финансовая инженерия)», «Переводческого дела (китайско-английский)» и специальностей Школы музыки.

Почему это важно?

NIS-Programme, по которой обучаются ученики Интеллектуальных школ, признана рядом престижных университетов мира. Сегодня дипломы NIS принимают 24 казахстанских и 69 зарубежных вузов, открывая перед выпускниками широкие возможности для поступления в топовые мировые учебные заведения.

Что известно о CUHK-Shenzhen?

– 36-е место в мировом рейтинге вузов QS World University Rankings 2025. – Кампусы в Шэньчжэне и Гонконге. – Обучение ведётся на английском языке по мировым образовательным стандартам. – Абитуриенты университета входят в топ-0,5–1% лучших выпускников школ Китая.

Как проходил визит в Китай?

Представители NIS познакомились с академическими программами, системой поддержки студентов, международными обменами и карьерными возможностями выпускников CUHK-Shenzhen.

Особое внимание уделили дискуссиям о будущем образования в условиях цифровизации и развития искусственного интеллекта. Также состоялась встреча с выпускниками NIS, которые уже обучаются в CUHK-Shenzhen и поделились своим опытом.

По словам Сабыржана Садуакасова, сотрудничество с CUHK-Shenzhen укрепляет международные позиции NIS и даёт ученикам уникальные возможности для поступления в один из лучших университетов мира.




🌱NIS Қытайдың жетекші университетімен меморандумға қол қойды: түлектерге шәкіртақы беріледі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде. Жаңа серіктестер қатары Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Шэньчжэнь қаласындағы Гонконг Қытай университетімен (CUHK-Shenzhen) толықты.

Ынтымақтастық туралы меморандумға NIS Басқарма Төрағасының орынбасары Сабыржан Сәдуақасов пен CUHK-Shenzhen университетінің академиялық байланыстар кеңсесінің директоры Пол Ке қол қойды. Құжат бакалавриатқа үміткерлерге арналған Халықаралық ашық есік күні аясында рәсімделді.

Келісім NIS түлектеріне не береді?

Бұл ынтымақтастық Зияткерлік мектептердің оқушыларына білім кеңістігін кеңейтіп, жаңа көкжиектерді бағындыруға жол ашады. Шәкірттер заманауи білім беру әдістерімен танысып, халықаралық академиялық алмасу бағдарламаларына қатысу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жобаларында тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болады.

Келісім аясында CUHK-Shenzhen университеті NIS түлектеріне екі толық бакалавриат шәкіртақысын тағайындады. Бұл шәкіртақылар «Бизнес-әкімшілендіру (қаржылық инжиниринг)», «Аударма ісі (қытай-ағылшын тілдері)» және Музыка мектебінің мамандықтарынан басқа барлық білім беру бағдарламаларына қолжетімді.

Бұл неге маңызды?

Зияткерлік мектептердің бірегей NIS-Programme білім беру бағдарламасын әлемнің бірқатар беделді университеттері ресми түрде мойындаған. Қазіргі таңда NIS түлектерінің дипломдарын Қазақстандағы 24 және шетелдегі 69 жоғары оқу орны қабылдайды. Бұл түлектерге әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы оқу ордаларына түсуге кең мүмкіндік береді.

CUHK-Shenzhen туралы не білеміз?

– QS World University Rankings 2025 жаһандық рейтингінде 36-орынды иеленген; – Кампустары Шэньчжэнь және Гонконг қалаларында орналасқан; – Оқыту үдерісі халықаралық білім беру стандарттарына сай ағылшын тілінде жүргізіледі; – Университетке түсуші талапкерлер – Қытай мектептерінің үздік 0,5–1% түлектері.

Қытайға сапар қалай өтті?

NIS өкілдері CUHK-Shenzhen университетінің академиялық бағдарламаларымен, студенттерді қолдау жүйесімен, халықаралық алмасу мүмкіндіктерімен және түлектерге арналған мансаптық бағыттарымен танысты.

Сапар барысында цифрландыру мен жасанды интеллект дамыған қазіргі замандағы білім берудің болашағына қатысты пікірталастарға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар CUHK-Shenzhen университетінде білім алып жатқан NIS түлектерімен кездесу өтіп, олар өз оқу тәжірибелерімен бөлісті.

Сабыржан Сәдуақасовтың айтуынша, CUHK-Shenzhen университетімен орнаған ынтымақтастық NIS-тің халықаралық деңгейдегі беделін арттырып, оқушыларға әлемнің үздік жоғары оқу орындарының біріне түсуге бірегей мүмкіндік береді.


🌱От всей души поздравляем всех с праздником Наурыз!

Этот светлый праздник символизирует единство, добро и процветание. Пусть в ваших домах царят мир и гармония, а каждая новая весна наполняет сердца теплом и счастьем.

Желаем вам и вашим близким крепкого здоровья, удачи во всех начинаниях и исполнения самых заветных желаний!



Показано 19 последних публикаций.