Ой салар әңгімелер!!!


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Жарнама бойынша🧑‍💻https://t.me/ElmiraJaden79

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Алу мен берудің теңгерімі

Мелани Кляйн атақты психотерапевт, объектілі қарым-қатынас теориясының бастауында тұрған жан. Оның теориясы өз балаларын бақылаудан туған. Психикалық ауытқуы бар балаларды емдеу кезінде анықтаған көп шындығы бар. Мелани Кляйнның қанатты сөздерінің бір парасын ұсынамын.

*Егер махаббат наразылық, өкпе-реніш, жек көрушілікпен тұншықтырылмай, баланың санасында бекем орын алса, өзгеге деген сенім мен өзінің жақсы адам екендігіне деген сенімділігі тас қамалдай орнықса, ол тағдырдың кез келген тауқыметін адамгершілікпен қабылдай алатын болады.

*Махаббат пен кек баланың психикасында күресіп жатады; бұл күрес белгілі бір деңгейде өмір бойына жалғаса береді, сондықтан адамның өзгемен қарым-қатынасына қауіп төндіретін негізгі қиындық болмақ.

*Анасына деген махаббаты зор болған сайын баланың жаны бай болады. Анасын қатты жақсы көрген баланың есейген соң құрған қарым-қатынастары өте мағыналы болады.

*Егер жанның түкпірінде, түпсанамызда ата-анамызға деген өкпе-реніштерді жеңіп, отбасынан алып шыққан кемшіліктеріміз үшін оларға кешірім бере алсақ, онда адам жан тыныштығын сезініп, өзге біреудің бүтін болмысын қабылдай отырып сүюге қабілетті болмақ.

*Ең алғашқы махаббат пен сенімді әке-шешеміздің қарым-қатынасынан қабылдаймыз, сосын сол махаббат пен сенім арқылы олардың болмысын өзімізге сіңіреміз. Содан кейін ғана сыртқы әлемге бойымыздағы махаббаттан береміз.

*Бақытты болудың басты шарты «беру» мен «алудың» арасындағы көңіл қанағаттандырарлық теңгерімнен тұрады.

*Жақсы көретін ата-ананың бейнесі түпсанада ең басты құндылық боп жазылады, себебі, олардың махаббаты баланы жалғыздықтың шыңырауына түсіп кетуден сақтайды.

*Көптеген қиял мен тілектер бала күнде орындала бермейді. Орындалуы мүмкін болмағандықтан емес, тек түпсанада сол тілектермен бір мезетте кері тілектердің болуынан.

*Шын мәнінде бала өзінің ашуы мен өзімшілдігін айналасындағы ересектер шектеп отырғанын қалайды. Егер ашу мен өзімшілдікті ауыздықтап отырмаса, бұл сезімдер балаға түкке тұрғысыздығын сезіндіріп, өкініштің азабын туындатады.

*Өзіміз жақсы көрген адам үшін қандай да бір құрбандыққа барсақ, сүйген адаммен ұқсаспыз десек, ендеше оған жар емес, жақсы әке-шеше болуды көздегеніміз. Ата-анамыз бізге солай жасаған – немесе бізге солай жасағанын қалайтындай әрекетке барамыз.

*Біздің алғысымыздың дені кінәмізді мойындаудан туады екен. Шын махаббаттан айтылатын алғыс аз.

*Кей адамға бақытсыздық маңдайына жазылған, олар үшін жетістік өзгені кемсіту сияқты. Өзінің жетістігі өзгеге қауіпті дүниедей көрінеді. Ата-анасынан, бауырлары мен әпке-қарындастарынан биіктеп, соларды жеңгендей әсер болады деп ойлайды.

Аударған Шынар Әбілда







































Показано 20 последних публикаций.