Әдеби кітап оқудың пайдасы туралы әркім әртүрлі пікір айтады. Бірі - сөздік қорыңды байытады десе, бірі қиялыңды дамытады дейді. Енді бірі оқиғалардан ой түйіп, кейіпкерлердің әрекетінен сабақ аламыз деседі. Әлбетте олардың бәріне қосыламын, десе де мен үшін әдеби кітап оқу - шүкіршілікке итермелейтін бірден бір фактор
Қазақ әдебиетіне көз салсаңыз жазушыларымыз - өз кезеңіндегі оқиғаларды қағаз бетіне суреттеп түсіріп кеткен. Бердібек Соқбақбаевтың “балалық шаққа саяхатын”, Төлен Әбдіктің “парасат майданын”, Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айшасын” алып қараңыз, ол кісілердің соғыс кезіне тұспа-тұс келген өмірлерінің қандай ауыртпалыққа толы болғанын көресіз
Қанша жерден қызықты етіп жазған оқиғаларын күліп оқығанымызбен санамызда “мұндай күнді бастарынан қалай кешті екен?”- деген ой көлеңкелеп тұрады. Таба нан мен талқанды күнкөріс қып, оның өзіне зар боп қалатын күндер кешіп үнемдеп ұстағанын оқисың, қазіргідей газ, свет деген нәрсе жоқ, отын тасып қара қазан қайнатылады. жасап ішкен тамақтарында еттің болуы өте сирек, көбіне бір уыс ұннан кеспе жасап, бір екі картоп турап соны азық қылатын. Қыстың суығында тіпті бүтін киімдері де болмайтын, ал аяқтарына өздері қолдан тігіп пима, бастарына малақай киетін. Көлік атаулы да өте сирек, қақаған қыста аттары болдырып мына тұрған аудан орталығына әзер жеткен. Сөйте тұра “қарағайдан отын тасып келе жатқан кимешекті әжеміз еді”, “атамыз бес уақыт намазын қаза қылмайтын”- деген үзінділер жиі кезігеді.
Ал біз болсақ осынау барлық жағдайымыз жасалған заманда өмір сүріп жүрсек те әлі ғибадат қылуға әлсізбіз, ол заманда болсақ дінді де ұстанып қалуымыз екі талай болар ма еді. Жылы су үйге кеп тұр, от жағып ысытпайсың, киім дегенің дүкенде толып тұр, пішіп-тігіп әуре болмайсың, тамақ атаулының көптігі сонша қара нанның қадірі қалмаған. Аудан орталығына әзер жетпек түгілі түрлі шетел көруге мүмкіндігіміз бар.
Әлбетте, мен бұл сөзіммен біз де сондай қиындық көру керекпіз деп жатқан жоқпын. Бірақ біз білуіміз керек, Алла Тағала қаласа бізді сол заманда өмір сүргізсе де болар еді, бірақ бізге Алла осыншама жеңілдікті қалады. Ендеше осыған үнемі ой жүгіртіп, жүрекпен сезіне шүкір етуіміз ләзім