📢Құрметті Орал қаласының тұрғындары! ⠀ 🌳2018 жылдың 14 сәуірі мен 14 мамыры аралығында санитарлық-экологиялық айлық жарияланды. Айлық кезінде облыс орталағын және елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бойынша кешенді шаралар атқарылатын болады. ⠀ 🌳Айлық аясында 20-21 сәуір күндері «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» Республикалық экологиялық акциясын өткізу жоспарланды. ⠀ 🌳Ағымдағы жылдың 19-20 сәуір күндері сағат 10.00-ден бастап «Ел ырысы» базарында екпе материалдарын сату бойынша жәрмеңке өткізіледі. ⠀ 🌳Жәрмеңкеге Ақжайық, Бөрлі, Орал және Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері жергілікті орман тұқымбақтарында өсірген, жергілікті климатқа бейімделген қарағай, қайың, емен, терек, шаған, канада үйеңкісі, өрік секілді ағаш көшеттерін сататын болады. ⠀ 🌳Акцияларға белсене қатыса отырып, өлкеміздің экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесімізді қосайық! Әр адамнан - бір терек! ⠀ 🌳Барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласуға болады: Орал қаласы, Дамба тұйығы көшесі 5/1. (35,39 автобустарының соңғы аялдамасы). Тел. 8 (7112) 26-52-57, 26-50-10
Просмотреть в Instagram https://ift.tt/2K0fhwZ
Просмотреть в Instagram https://ift.tt/2K0fhwZ