Орамалым—Қорғаным♥


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Хиджабқа ниетті аруларға арналған жаңа жоба♥

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций








Жалоба жасаудың пошаговая инструкциясы




Ассаламу алейкум, құрметтілерім❤️
Төмендегі тағы бірнеше парақшаға кіріп, жалоба тастап шығайықшы😉




Ассаламу алейкум, қыздар, қалдарыңыз қалай? Орамалым-Қорғаным рубрикасын қайтадан жайлап қолыма алып жатырмын және маған мынандай ой келді.
Кейбір қыздар білместіктен әлеуметтік желілерге өздерінің ашық суреттерін салып, кейін ол суреттерді өшіре алмай, өкініп жатады. Сол жағдайға қолдауымыз ретінде сол бұрынғц парақшаларға бәріміз кіріп жалоба тастасақ. Мүмкін көп адам жалоба тастағаннан парақша жабылып қалады деген ниетте.
Инстаграмда @zhannyn_sayasy_ парақшама дайректке сондай бұрынғы парақшаларыңыз болса, оған жалоба тастап, өшітркіңіз келсе, өзіңіздің парақшаңыздың сілтемесін жіберіп қойыңыз. Арасында осы каналға салып отырамын, көп қыздар бір-біріне көмектессе, парақшаларды жаба аламыз деп үміттенемін ❤️


Репост из: ོ مكتوبة
Орамал үшін сынақтың қандай түрі келсе де, осы уағызды тыңдап алып, бір күш жинап алатынмын. Тау қопаратындай сезімде болатынмын...

Аллах фирдаус жаннатын нәсіп етсін ұстаздарымызға!


Аал, асылдар, қолдап жібере қойыңыздар! 🥰😍


Репост из: Жан саясы✨
Құрметтілер, кітапшаны дайындауға біраз күш пен уақыт кетті, ин шәә Алла сіздер таратып, көбірек адамның оқуына, орануына себепкер болсаңыздар екен! Кітап ашық доступта, тегін, сатуға болмайды!
Алғашқы бөліміне 50 оқиғаны жинақтадым❤️
Кітапты тарататын кезде парақшамды да белгілеп кетсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді🥰


Репост из: Жан саясы✨
Шықтыыы😭😍❤️⬆️⬆️⬆️


Репост из: Жан саясы✨
Орамалым_қорғаным_кітабы_1_ші_бөлім.pdf
934.9Кб
Орамалым-қорғаным кітабы 1-ші бөлім.pdf


Осы сұрақ маған қатты қызық, "Орамалым—Қорғаным" жобасынан соң қанша қыз хиджабқа келді екен? ❤️😍


Ата-анаға орануға қарсы болса қалай дұрыс түсіндіруге болады? Өз тәжірибемнен анама әсер еткен сөздер⬇️

(Ең бірінші кезекте ата-анамен жайлап сөйлесіп, нақты не үшін қарсы екендігін анықтап алу қажет. Көбіне ата-ана бір нәрседен қорыққандықтан баласына ұрысып, рұқсат бермеуі мүмкін. Олардығ орануыңызға қарсы нақты себептерін анықтап алған соң, олардың қорқыныштарына сіздер дұрыс жауап беріп, көзқарастарын өзгерту қажет) Мәселен, ата-ана жұрттың сөзінен қорқатын болса, "Жұрттың пікірі дейміз, сол жұрт ертең сізге не маған бірдеңе болып қалса (Алла сақтасын) келіп көмектеседі ма? Мама, егер сіздерге бірдеңе болып қалса келіп көмектесетін біздерміз ғой, жұрт емес. Жұрт тек сынап сөйлеуді біледі, мен жұрттың пікіне мән бермеймін. Алла парыз еткен нәрсені орындамай, жұртты тыңдағанымнан Алланың алдына есеп берер алдында сол жұрт маған көмектеседі ма?" деп айтып көріңіз. Сонда олар да жұрттың пікірнен қорқуды қоятын болады Ин шәә Алла!

Одан соң өлімді еске алдырыңыз.
"Қазір менің жасымда да күліп-ойнап жүріп, бір күнде өліп кеткен жастар қаншама, мама, менің ертең аман-есен оянатыныма гарантия бере аласыз ба? Ертеңгі күннің өзін білмейміз, Алла алдында қалай жауап береміз? Жұрт айта берсін, бір күні көздері үйренеді, мама, мен Алланың әмірін орындамай өзімнен бөлек әкем мен бауырларымды тозаққа алып кеткім келмейді. (Қыз бала тозаққа кетсе өзімен әкесін, ағасы немесе інісін, күйеуін, баласын алып кетеді)

Одан соң орану қазіргі уақытта жамандықтан қорғай алатынына дәлел келтіріңіз:
"Қаншама жақсы қыздар да мен сияқты жүріп жігіттерге алданып, зорланып қалып жатыр, бүкіл өмірлері қирап жатыр, соның барлығы әурет жерін ашып жүргеннен ғой. Тіпті өз әкесі, өз ағасы қыздары мен қарындастарын зорлаған жағдайлар болып жатыр, соны біле тұра ашық-шашық жүргенім дұрыс болады ма? Мен ондай жағдайға түскім келмейді, мен абыройлы қыз, болашақ асыл ана болғым келеді. Мен бар сұлылығымды бөтен еркектерден қызғанамын, Алла мені өте әдемі етіп жаратты ғой. Сондай азғындаған заманда маған түрлі еркектер арам оймен қарап, қиялында неше түрлі нәрсені елестететін болса, мен қандай жағдайда боламын? Ал маған да тиіссе ше? Одан соң өмірім не болмақ?"

Одан соң орамалдың қорқынышты, жаман нәрсе еместігін, орансаңыз ата-анаңыздан алыстап кетпей, дәл сол ерке қыздары болып қала беретініңізді түсіндіріңіз:
"Орамалды мен тек сыртқа шыққанда киіемін ғой, үйде, сіздердің қастырыңызда кәдімгідей жүре беремін ғой. Үйде жүргенде шашымды жайсам да, бұйраласам да, әдемі көйлектер кисем де айыбы жоқ. Мен өз сұлулығымды болашақ жарыма сыйлаймын. Мен теңіз астындағы қолжетпес інжу-маржан сияқты әркімнің қолы жете бермейтіндей болғым келеді. Мен өте сұлумын, мен өзімді басқалардан қызғанамын! Әрі оны Алла Тағала Құранда парыз етті"
Құранды ашып, Нұр сүресіндегі хиджаб жайлы аятты көрсетсеңіздер болады.

Сөз соңында ата-анаңызға оларды қатты құрметтеп, жақсы көретіндеріңізді, оларға тек жақсылық тілеп, абыройларын арттырғыңыз келетіндігін айтуға болады.


Репост из: НҰРЛЫ ДАҒУАТ | DAGUAT KZ
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
ХИДЖАБ — ПАРЫЗ / ҚМДБ ұстаздары







Показано 19 последних публикаций.

372

подписчиков
Статистика канала