Біз біз едік, біз едік
Біз он екі қыз едік.
Жиделісайдың бойында
Жидек теріп жүр едік.
Асау күрең үйреткен,
Бұғалығын сүйреткен
Майлы келді қасыма,
Бұғалық салды мойныма,
Қолын салды қойныма.
Бір сақинам бар еді,
Өзі сондай тар еді.
Сақинамды кеңейтті,
Қатарымнан кем етті, Жеңгемменен тең етті...
(Ел аузынан)
Біз он екі қыз едік.
Жиделісайдың бойында
Жидек теріп жүр едік.
Асау күрең үйреткен,
Бұғалығын сүйреткен
Майлы келді қасыма,
Бұғалық салды мойныма,
Қолын салды қойныма.
Бір сақинам бар еді,
Өзі сондай тар еді.
Сақинамды кеңейтті,
Қатарымнан кем етті, Жеңгемменен тең етті...
(Ел аузынан)