Репост из: Per Aspera ad Astra
gSgRhsBxUkU.jpg
Әліпби туралы. Бірінші бөлім.
Араб әліпбиі лингвист мамандардың ойынша фонетикалық әліпбилердің алғашқы түрлерінің бірі болып табылатын финикиялық, және сәйкесінше набатей мен арамей әліппелеріне негізделген /1-3/. Көбімізге белгілі әліпби бүгінгі күнде арабтар арасында "алифбаиия"
ألفبيّة
деген атпен кеңінен тараған. Бұл әліпбиді Басралық үлкен тіл ғалымдарының бірі болып табылған Наср бин Ғаасым әл-Ләйси (نصر بن عاصم الليثي) құрастырды (708/709 жылдарда қайтыс болды) /4/. Бұл әліпбиде хамзаны ескергенде 29 әріп жазылу ұқсастығы принципі бойынша реттеліп, келесідей түрде көрсетілген
أ ب ت ث ج ح خ د ذ ر ز س ش ص ض ط ظ ع غ ف ق ك ل م ن ه و ي
Көптеген ғалымдар араб тіліндегі харекеттердің (яғни фатха, домма, кясра) қойылуын жоғарыда айтылған Наср бин Ғаасым мен Яхья ибн Яъмар, Хаджадж бин Юсуфтың тапсырмасын орындауымен орын алды деген хабарлар бар.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Струве В. В. Происхождение алфавита. — М.: URSS, 2004.
2. Дирингер, Д. Алфавит. — М.: Издательство Иностранной Литературы, 1963.
3. Истрин В. А. Развитие письма. — М.: Наука, 1965.
4. Theodor Nöldeke, Friedrich Schwally, Gotthelf Bergsträsser and Otto Pretzl, The History of the Qurʾān, trans. Wolfgang H. Behn (Brill, 2013). p. 592.