PARANOIA.KZ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Филиппин мен Қытайдың теңіз күштері даулы аймақта тағы шекісті. Филиппин тарапы қытай балықшылары заңсыз балық аулап, динамит қолданғанын айтуда. Филиппин теңізшілері оларды қуып шықпақ болған сәтте, Қытайдың екі әскери кемесі мен тікұшағы көмекке келген. Шиеленіс күшейген соң, тараптар екі жаққа кетті.

Соңғы жылдары бұл даулы аймақтарда Қытай мен Филиппиннің шекісуі артты. 120 млнға жуық халқы бар Филиппин соғыс жағдайында 15 млн әскер жұмылдыратынын айтуда.


Иранның Ұлттық парламенті АҚШ-тың Ормуздағы құрсауын, мұнай саласына салынған санкция мен қаржы секторын қыспаққа алуын “бейбіт халыққа жасаған қастандық” деп атады. Өйткені санкция салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шегуде дейді.

732 0 1 25 17

Reuters: Иранның риалы тағы құнсызданып, антирекорд орнатты. 1 доллар енді 2,71 млн риалға тең. 2025 жылдың желтоқсанында 1 доллар 1,4 млн риалға тең еді. Тегеран валютаны сақтау үшін қосымша 2 млрд доллар бөлді.


Haaretz: АҚШ Израиль билігіне салынған санкцияны күшейтуді ойластыруда. Басты себеп, Израильдің батыс жағалауда заңсыз қоныстарды арттыруы, ал қоныс аударушылардың палестиндіктерге шабуылды жиілетуі болып отыр. Санкция ЦАХАЛ-дың бірнеше жасағына, полиция қызметкерлеріне салынуы ықтимал. АҚШ бұл мәселені Израиль мен АҚШ-тағы сайлаулардан кейін қарастырмақ. Яғни екі айдан соң.


Баяғыда Могадишода лаңкестер сауда үйлеріне шабуыл жасап, бірнеше банкоматты жүк көлігіне салып, ұрлап әкеткен еді. Постамат қойсаң блицкриг жасайын деп тұр ғой…


Financial Times басылымы соры сорпадай қайнаған Сомали жайлы жазды…

“Аш-Шабаб” лаңкестік ұйымы елдің 40 пайыз аумағын өз бақылауында ұстап тұр дейді. Бұл аймақта аталмыш топ діни заңдарды енгізген. Мемлекеттік институттарды қуып шыққан.

АҚШ-тың Африкадағы әскери қолбасшылар штабы (AFRICOM) ұйымның күшейіп бара жатқанын, ал биліктің қауқарсыз екенін айтты.


АҚШ Кубадағы (Гуантанамо) әскери базасына дрондар, барлау жүйесі мен роботты платформаларды жеткізді. Ал сарапшылар дәл осы базада Куба режиміне қарсы операция жоспарланып жатыр дейді.

753 0 1 10 29

Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
АҚШ Латын және Оңтүстік Америка құрлығындағы бандитизм және есірткі қылмысымен күресу үшін, аймаққа барлау және соққы жасау дрондарын топтастырмақ.

Бұл аймақтағы қылмыстық топтардың күштілігі сонша, олар мемлекеттік институттарға қауіп төндіруде. Венесуэла, Колумбия, Мексикада жағдай күрделі.

Ал мына видеода Перу елі. 2025 жылдың мамыр айында полиция қылмыстық топтарды құрықтау кезінде болған атыстан бір көрініс.


Ресей Киевтегі “Солтүстік” көпірге тағы соққы жасады. Көпірдің беткі жабындысы ойылған.


Ақпарат көздері Саудияның бірнеше жоғары әскери шендісі (бірнеше генерал) Йеменнің заңды үкіметі бақылайтын аймаққа келгенін жазуда. Йемен үкіметі майдан шебіне жақын маңға артиллерия, бронды техника мен жасақтарды топтастыруда.

Сарапшылар әне-міне қан-қасап шайқас басталып кетуі мүмкін екенін айтуда.


Ал мынау тарс-гүрс етіп жатқан Йемен. Хуситтер бақылайтын Сана қаласы (Йеменнің астанасы) мен өзге қалалар. Саудия ұшақтары хуситтердің бақылау аймақтарына түнімен соққы жасады. Қаза тапқандар мен үйінді астында қалғандар бар.


Хуситтер түнде Саудияның Даммам қаласына соққы жасап, Saudi Aramco компаниясының нысанын отқа орады. Сонымен бірге, Эр-Рияд қаласын зымыранмен атқылаған. Зымырандарды әуе қорғаныс жүйесі қағып түсірді, алайда дабыл салдарынан әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды.


Ресей Днепрдегі “Укртелеком” ғимаратына соққы жасады. Ғимараттың үстінгі қабаты отқа оранды.


Украина түнде Майкоптағы әскери әуежайға жаппай соққы жасады. Әуежайда өрт шығып, бірнеше жарылыс болған.

Сонымен бірге, украин жасақтары алғаш рет дрон ұшыру алаңдарын жаппай шабуылдағанын айтты.


Ресей. Белгород қаласы. Бірнеше жойқын жарылыс болды.

Показано 15 последних публикаций.