Перизат Мырзахмет


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


- бас жуғым келмейді
- депрессия ма?
- ля, жай ерініп тұрмын


«Мен сияқты сыйла, жақсы көр, ойла» деп ешкімнен күтпе. Сен жалғызсың. Сендей екінші адам жоқ. Сен жалғызсың.


Қартайғанның белгісі шығар. Жұрттың бәріне балам деп… Даяшы еркелеп қалды 🫠


Қызық тест.

Кезекте алдымда тұрған жігіт бүкіл мәзірдің құрамын сұрап, бағасын сұрап, 15 минут таңдау жасады, сосын бонусын есептеді.

Оған жыным ұстап тұрған мен ашулымын ба, жоқ ол шынымен тым баяу ма?


Әлгі фильмді көрмей, жүйкемді сақтап ем. Сөйтсем “неге көрмедіңіз?” деп журналистер жүйкемді түтіп жүр).


Жақсы көретін адамыңа “айттым ғой саған…” деп айту қандай қиын. Тіл алмайды ғой бар болғыр.


Репост из: Шексіздік 🌀
Ұйқыдан ояна сала әдеттегідей сторилер көріп кеттім. Бәрінде бәрі әдемі. Алайда мен сол жердегі көп кейіпкердің жеке проблемаларын, басты мұңын білемін. Соған қарамастан өзін алдарқатып өмір сүретін орта, адамын, сүйікті іс сияқты дүниелер тапқан. Әлде олар ешнәрсеге қарамастан бақытты болуды үйренген. Әлде бір сырын білетін біздер, тіпті кейде өзі оның тұтас өмірін құрайтын түрлі қуаныштарын құнсыздандырып әлекпіз.


Жаңадан қосылған жапырақ unpopular ойларыңа лүпіл басқанда ішім жылып қалады. Popular ойларға екінің бірі лүпіл басады, ал өзіме ғана ұнайтын ойларды ұнатса, жаңа тірек тапқандай болам.


Өзімше саяхаттап, миым мен жүрегім рахатқа бөленіп елге келгенде бірнеше нашар жаңалықтың ортасына топ ете қалдым. Есеңгіретіп тастады. Жинаған қуатымды таратып бердім…

Сол сәтте кейбір адамға ашуым да тиіп кетті-ау. Кофемді ішіп, миым ретке келген соң ғана түсініп отырмын. Гүрс ете қалған екі-үш эпизод есімде. Сондықтан кешіріп қойың. Кофелерің мойнымда.


Мен ешқашан адамды жынысына қарап бағалаған, бөле-жарған емеспін.
Мен еркекке де, әйелге де тең қарадым. Сексистік таптауырындармен әуелі өз басымда күрестім.
Бірақ соған қарамастан жігіттердің маған назы бітпейді. Ылғи осы.
Сыртымнан өсек айтатындар да - жігіттер.
Хейт пікір жазатын да - жігіттер.
Бәле іздеп отыратындар да - жігіттер.
Qargyn телеграмм чатында 400 адам отыр. Ұсыныс бәріне бірдей тасталды. “Қыздар ғана қатысады” деген шектеу болған жоқ. Қатысам деп ұсыныс тастаған қыздар ғана болса, осындай пікір болмас үшін жігіт ұстап әкеп қатыстыруым керек пе? Шақырту қағазын жіберу керек пе? Тормоз бәле болсаңдар да мен кінәлімін бе? Идите в жопу.


Репост из: saltnation
Шыны сол, денсаулығың өзіңнің ғана жаныңа батады. Басқаларына әдеттегідей бәрібір. Осындай кездерде неге “басқалар не ойлайды” деп қорқақтай беретінімізге таңғалам. Олар бізді ойламайды да ғой негізі)


Өзінше адамды көзінше боқтағым кеп жүр. Елге жетейін 😎


Сөмкесінде жұбының суреті. Алақанда алақан. Мимими🫠


Тайландтан бірдеңе әкеп тренд қып жіберу керек еді 😎


Тикток деген жағымпаз. Көңіл күйіңе сай видеолар көрсетеді.


Кітап оқитындар ғана түсінетін әзіл:

Тиктоктағы кейбір пікірлерді Чарли Гордон жазған сияқты.


Орта жастың тағы бір плюсі: қай ауруың қанша уақытқа созылатынын білесің, қай уайымың неше күн қинайтынын білесің.


- сенің сынығыңнан сылтауың көп екен
- қалай?
- жай…


“Өскенде түсінесің”
Естігенде үміттендіретін, түсінгенде өкіндіретін сабақ.


“Қазақтар өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады” деген қырт сөз.

Қазақтар керегін google көкеден сұрап үйренсе және “сәлем” дегеннен кейін шаруасын бірден жазып үйренсе бірдеңе жаулайды. Әзірге ерте.

Показано 20 последних публикаций.