Қааап, 16:23! 17:00ге дейін үлгерем бе екен? Яндекске комментарийге жазып көрейінші. "Успеть надо в ботанический парк на 16:50, доплачу 2 раза больше". Дұрыс жаздым ба? Орысша осылай жазу керек пе еді. Әә-еей, главное суть түсінсе болды емес пе? ... О, "водитель в пути, через 3 минута..."
- О, қазақ екенсіз ғой
- Иә бауырым, қайда асықтың сонша?
- Маңызды кездесуім бар еді
- Қыз ба?
- Аха
- Неге ертерек шықпадың?
- Солай боп қалды...
- Әдемі қыз ба?
- Живой көрмегем, бірақ, иә әдемі
- Ее, қазір неше түрлі фильтрлер бар ғой
- Суретін де көрмегем...
- Ыы, қалай сонда?
- Солай...
...
- Ал бауырым, ырза шығарсың 16:47ге жеткіздім
- Әрине, Kaspi нөміріңізді айтып жібересіз бе?
- Жеті жүз жеті, үш жүз қырық тоғыз...
- Жібердім, жақсы, рақмет, жолыңыз болсын
- 5000 түсті, мәрт екенсің, жастар бақытты болсын)
- 😄
Үлгердім-ау. Тааак, анда скамейкада екі қыз отыр екен. Киімдері ұқсамайды. Әлі келмеген болар. Күте тұрайын. Мәә, келгенде не деп айтам? "Сәлем, кітабыңды оқыдым күшті екен, маған арнап жазыпсың", төу, не қуып тұрмын? "Кітап менде қайдан пайда болды" десем допрос боп кете ма? "Сәлем, қалай жағдайың?" Жақсы екенін көріп тұрып не сұрап жатыр дейтін шығар, иә? "Сәлем, менің есімім ..., шақырған екенсің, келдім" десем келгенімді міндетсінген болам ба? Вообще не үшін қобалжып жатырмын өзі? Стоп, все, ойыңды жинақта. Импровизация жасаймыз, не болса да көреміз енді! Алғашқы әсерді құртып алсам ше? Офф...
17:15. 15 минутта келмесе қайтып кетуге рұқсат десең иә? Негізі бұл кездесу маған керек екенін түсінген сияқтымын... Кітап бойынша кешікпейтін қыз сияқты еді. Әлде кітапта басқа, өмірде басқа ма? Че-оа көп ойланып кеттім, ожиданиені түсіруім керек.
- Кешіресіз, ... деген сіз ба?
- Иә, мен
- ... деген қызды күтіп тұрсыз ғой?
- Иә-иә. Сіз танисыз ба оны? Ол қайда?
- Жоқ, танымаймын, білмеймін. Маған мына қорапты тапсыру керек.
- Жақсы. Сізде контактісі бар ма оның?
- Жоқ брат. Маған ақшасын төледі, мен тапсырдым, міндетімді орындадым, басқасын білмеймін. Сау болыңыз