Алматы облысының полициясы


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Новости и СМИ


Алматы облысы Полиция департаментінің ресми парақшасы

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Алматы облысының Полиция департаменті өңірдегі маршруттық автобустардың бірінде жолаушылардың бірінің жас жігітке қатысты дөрекі әрі арандатушылық сипаттағы әрекет жасағаны жөнінде оқиғаның болғанын хабарлайды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, жауапкершілікке тартылды. Ол өз әрекетін алкогольдік масаң күйде болғанымен түсіндірген. Аталған дерек бойынша материалдар сотқа жолданып, сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 15 тәулікке әкімшілік жаза тағайындады.

Алматы облысының полициясы ескертеді: қоғамдық орындарда әдепсіз сөз айтуға, балағаттауға және арандатушылық әрекеттерге жол берілмейді. Мұндай мінез-құлық қоғамдық тәртіпті өрескел бұзады және қатаң түрде тоқтатылады.

Ішкі істер органдары ұсақ бұзақылықтың және азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзге де құқық бұзушылықтардың әрбір дерегіне қағидатты түрде жауап береді. Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп нормаларын қатаң сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

***

Департамент полиции Алматинской области сообщает, что в одном из маршрутных автобусов региона имел место инцидент, связанный с проявлением грубого и вызывающего поведения со стороны одного из пассажиров по отношению к молодому человеку.

В результате принятых мер правонарушитель был установлен и привлечён к ответственности. Свое поведение он объяснил тем что находился в состоянии алкогольного опьянения. Материалы по данному факту направлены в суд, который признал его виновным в совершении мелкого хулиганства и назначил административное наказание сроком 15 суток в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Полиция Алматинской области предупреждает: любые действия, сопровождающиеся нецензурной бранью, оскорблениями и провокациями в общественных местах, недопустимы. Подобное поведение грубо нарушает общественный порядок и будет жестко пресекаться.

Органы внутренних дел принципиально реагируют на каждый факт мелкого хулиганства и иных правонарушений, ставящих под угрозу покой и безопасность граждан. Виновные будут привлекаться к ответственности в установленном законом порядке.

Департамент полиции настоятельно требует от жителей и гостей региона строго соблюдать нормы общественного поведения, проявлять уважение к окружающим и не допускать нарушений общественного порядка.


Желіде тарап жатқан «қабаған иттің шабуылын тоқтатқан тұрғынды жауапқа тартады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Аталған азаматқа қатысты процессуалдық шешімдер қабылданбаған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 32-бабына сәйкес («Қажетті қорғаныс») оның әрекеті өзін-өзі қорғау мақсатындағы заңды әрекетке жатады. Заңға сәйкес өмірге, денсаулыққа немесе мүлікке нақты қауіп төндіретін шабуылды тойтару кезінде қажетті қорғаныс жағдайында зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.

Сондықтан, кәмелетке толмаған баланы қабаған иттердің шабуылынан құтқарған азаматтың әрекеті қолданыстағы заңнама нормаларын бұзбайды және құқықтық зардаптарға әкеп соқпайды.

Бұл ретте, сотқа дейінгі тергеу аясында иттің иесінің әрекеті жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға беріледі. Қандай да бір заң бұзушылық белгілері анықталса, ол заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

***

Распространяемая в сети информация о якобы привлечении к ответственности местного жителя, пресекшего нападение собак, не соответствует действительности. В отношении данного гражданина никаких процессуальных решений не принималось.

Согласно статье 32 Уголовного кодекса Республики Казахстан («Необходимая оборона»), его действия квалифицируются как правомерные действия в целях самозащиты. В соответствии с законом, причинение вреда в состоянии необходимой обороны при отражении нападения, создающего реальную угрозу жизни, здоровью или имуществу, не является уголовно наказуемым деянием.

Таким образом, действия гражданина, спасшего несовершеннолетнего от нападения со стороны животных, не нарушают норм действующего законодательства и не влекут за собой правовых последствий.

Вместе с тем, в рамках досудебного расследования действия владельца животных будут всесторонне изучены и им будет дана соответствующая правовая оценка. В случае установления признаков каких-либо нарушений законодательства, он будет привлечён к ответственности в установленном законом порядке.




Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Қазіргі таңда оқиғаның куәгерлерінен жауап алынып, барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Бұл ретте реабилитация орталығының лауазымды тұлғаларының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Барлық кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама аясында жауапкершілікке тартылады.

Полиция департаменті тұрғындарға жан-жануарлар болуы мүмкін қоршалған аумақтардың жанында сақ болуды ескертеді! Ата-аналар мен заңды өкілдеріне балаларының бос уақытын қадағалап, оларға қатаң түрде жеке қауіпсіздік шараларын түсіндіруді өтінеді.

***

По факту причинения тяжкого вреда здоровью несовершеннолетнего по неосторожности в полиции зарегистрировано уголовное дело, проводится досудебное расследование.

В настоящее время опрашиваются очевидцы, проводится комплекс следственных действий, направленных на всестороннее, полное и объективное установление всех обстоятельств произошедшего.

Назначены соответствующие экспертизы, по результатам которых будет принято окончательное процессуальное решение.

Вместе с тем, действиям должностных лиц реабилитационного центра будет дана правовая оценка. Все виновные лица будут привлечены к ответственности в рамках действующего законодательства.

Департамент полиции напоминает гражданам о необходимости проявлять осторожность при нахождении вблизи ограждённых участков, где могут находиться животные. Настоятельно рекомендуем родителям и законным представителям контролировать досуг детей и объяснять им основы личной безопасности.


АҮААЖ-ДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ: ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

АҮААЖ тас жолының 43-шақырымында бейнебақылау камералары екі жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын тіркеді. Олардың бірі көлігін жүріс бөлігінде қалдырып, екінші жүргізушіге «сәлемдеме» берген. Екінші жүргізуші де көлігін ережеге сай емес жерге қойған.

Екі құқықбұзушы да жедел анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды: бірінші жүргізушіге апатты жағдай туғызып, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, ал екінші жүргізушіге жол белгілерінің талаптарын және жол қозғалысына қатысушылардың жалпы міндеттерін сақтамағаны үшін 5 АЕК айыппұл салынды.

Полиция фото және бейнетіркеу жүйесі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді құралы екенін еске салады. Автоматты режимде тіркелген барлық құқықбұзушылықтар міндетті түрде қаралып, кінәлі жүргізушілер жауапқа тартылады.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әр азаматтың міндеті. Жолдағы тәртіп – барша қатысушының қауіпсіздігінің кепілі.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«ПЕРЕДАЧКА» НА БАКАДЕ: НАРУШИТЕЛИ УСТАНОВЛЕНЫ И НАКАЗАНЫ

На 43-м километре автомагистрали БАКАД камеры видеонаблюдения зафиксировали грубое нарушение правил дорожного движения со стороны водителей двух автомобилей. Один из них, оставив транспортное средство на проезжей части, передал «передачку» другому водителю, который также припарковал автомобиль с нарушением правил.

Оба правонарушителя оперативно установлены и привлечены к административной ответственности: первый водитель оштрафован на 20 МРП за создание аварийной ситуации и нарушение правил маневрирования, второй – на 5 МРП за несоблюдение требований дорожных знаков и общих обязанностей участников дорожного движения.

Полиция напоминает, что система фотовидеофиксации – это эффективный инструмент обеспечения безопасности на дорогах. Все нарушения, зафиксированные в автоматическом режиме, подлежат обязательному разбору, а виновные водители – привлечению к ответственности.

Соблюдение ПДД – обязанность каждого. Только дисциплина на дороге обеспечивает безопасность всех участников движения.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
ГРУППУ СКОТОКРАДОВ ЗАДЕРЖАЛИ ПОЛИЦЕЙСКИЕ В БАЛХАШСКОМ РАЙОНЕ

В рамках оперативно-разыскных мероприятий полицейские задержали троих мужчин в Балхашском районе, подозреваемых в серии скотокрадств.

Поводом для начала расследования стало заявление местного жителя о пропаже крупного рогатого скота с пастбища, расположенного в 8-ми километрах от села Береке. Общий ущерб, причиненный потерпевшему, составил 2,4 миллиона тенге. Полицейские, зарегистрировав уголовное дело, начали досудебное расследование.

– В ходе проведения комплекса оперативных мероприятий, недалеко от с.Береке полицейскими остановлена автомашина «Volkswagen Jetta». В салоне автомобиля находились двое мужчин, при осмотре транспортного средства обнаружены и изъяты две туши мяса коров, гладкоствольное ружье, топор и кухонные ножи. Позже, стражи порядка задержали еще одного участника преступной группы. Все трое подозреваемых водворены в изолятор временного содержания, – сообщили в ведомстве.

В настоящее время доказана причастность группы к совершению более чем десяти скотокрадств. Проводится проверка возможной их причастности к другим аналогичным преступлениям на территории региона.

Департамент полиции Алматинской области призывает владельцев сельхозживотных соблюдать меры предосторожности: не оставлять скот без присмотра, отдавать скот в места организованного выпаса, оснащать помещения для их содержания видеокамерами, самих животных – средствами отслеживания перемещения, а при выявлении подозрительных лиц или транспорта незамедлительно сообщать в полицию.


БАЛҚАШ АУДАНЫНДА МАЛ ҰРЛАҒАНДАР ТОБЫ ҰСТАЛДЫ

Жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Балқаш ауданында бірқатар мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен үш ер адам ұсталды.

Тергеу ісінің басталуына Береке ауылынан 8 шақырым жерде орналасқан жайылымнан ірі қара малдың жоғалғаны жөнінде жергілікті тұрғынның өтініші себеп болды. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 2,4 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

– Жедел іс-шаралар барысында Береке ауылының маңында полиция қызметкерлері «Volkswagen Jetta» автокөлігін тоқтатты. Автокөліктің салонында екі адам болған, көлікті тексеру кезінде сиыр малының екі тұтас еті, тегіс ұңғылы мылтық, балта және ас үй пышақтары табылып, тәркіленді. Кейін тәртіп сақшылары қылмыстық топтың тағы бір мүшесін ұстады. Күдіктілердің үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ведомствода.

Қазіргі уақытта бұл топтың оннан астам мал ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді. Олардың аймақтағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматы облысының полиция департаменті ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертеді: малды қараусыз қалдырмау, ұйымдастырылған жайылымдарға тапсыру, қора-жайларды бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау, малдың қозғалысын бақылауға арналған құралдарды пайдалану, сондай-ақ күдікті адамдар мен көліктерді байқаған жағдайда дереу полицияға хабар беру қажет.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
ТРАГЕДИЮ НА АВТОЗАПРАВОЧНОЙ СТАНЦИИ ПРЕДОТВРАТИЛ ПОЛИЦЕЙСКИЙ В ЖАМБЫЛСКОМ РАЙОНЕ

В Алматинской области патрульный полицейский проявил решительность и хладнокровие, не допустив серьёзных последствий на территории автозаправочной станции.

Инцидент произошёл 10 мая в селе Узынагаш. Во время патрулирования вверенного участка инспектор ВПП Мирас Тастанды заметил загоревшийся автомобиль марки «Газель», припаркованный на территории автозаправочной станции. Осознав серьёзность ситуации и возможную угрозу взрыва, он вместе с двумя неравнодушными гражданами самостоятельно приступил к тушению огня. Благодаря их оперативным и слаженным действиям пожар был локализован.

Стоит отметить, что при бездействии огонь мог перекинуться на резервуары с топливом, что привело бы к тяжёлым последствиям.

– Благодаря решительным действиям инспектора и сознательности граждан удалось избежать трагедии. Такие примеры доказывают, что полицейский – это не просто человек в форме, а тот, кто всегда готов действовать в интересах безопасности общества. Мы гордимся нашими сотрудниками и благодарим каждого, кто не остаётся равнодушным в критический момент, – отметили в ведомстве.


ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙ ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Алматы облысында патрульдік полиция қызметкері батылдық пен сабырлық танытып, жанармай бекетінде жарылыстың алдын алды.

Оқиға 10 мамыр күні Ұзынағаш ауылында болды. Қызметтік аумағын бақылау кезінде патрульдік полиция инспекторы Мирас Тастанды жанармай құю бекетінде тұрған ГАЗель көлігінің отқа оранғанын байқады. Жағдайдың ауыр екенін және жарылыс қауіпін түсінген полицей сол жердегі екі азаматпен бірге отты сөндіруге дереу кіріскен. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде тоқтатылды.

Айта кету керек, егер ешкім әрекет етпегенде, жалын жанармай сақталған резервуарларға жетіп, ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін еді.

– Инспектордың батыл шешімі мен азаматтардың жауапкершілігі арқасында қайғылы жағдайдың жолы кесілді. Мұндай оқиғалар полиция қызметкері – жай ғана форма киген адам емес, қоғам қауіпсіздігі үшін әрқашан дайын тұрған тұлға екенін дәлелдейді. Біз қызметкерлерімізбен мақтанамыз және сын сағатта бейжай қалмаған әр азаматқа алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті ведомствода.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бейбіт күннің әр сәті – аманат. Отанды қорғау – парыз.

Тарихты ұмытпаған ел – тозбайды. Рухын сақтаған жұрт – жеңілмейді.

***

Клятва сохранить мир – это не просто слова. Защищать Родину – святой долг каждого!

Пока мы помним – мы сильны. Пока храним – мы непобедимы.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бүгінгі бейбіт өмірге дейін біздің басты мұратымыз өзгерген жоқ: ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ, ҚОРҒАУ, ТІРЕК БОЛУ.

Біз азаттық үшін жанын пида еткен батырлардың ерлігін ұмытпаймыз. Сол ұлы рухтың жалғасы екенімізді әр күнгі адал қызметімізбен дәлелдеп келеміз.

Рух пен парыз – мәңгілік. Қызмет пен ерлік – ұрпақтар жалғастығында.

***

От окопов Великой Отечественной до городских улиц сегодняшнего дня – неизменной остаётся суть нашей службы: ЗАЩИЩАТЬ, СЛУЖИТЬ, БЫТЬ ОПОРОЙ.

Мы храним память о подвиге тех, кто отстоял свободу. Мы каждый день доказываем, что достойны быть их продолжением.

Сила духа – вне времени. Служение – вне поколений.


В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗА НЕДЕЛЮ ЗАДЕРЖАНЫ ЧЕТВЕРО ИНОСТРАННЫХ ГРАЖДАН, НАХОДИВШИХСЯ В МЕЖГОСУДАРСТВЕННОМ РОЗЫСКЕ

Оперативно-розыскные мероприятия, проведённые на территории региона за прошедшую неделю, позволили установить местонахождение и задержать граждан соседней республики, обвиняемых в совершении различных преступлений на родине. Среди задержанных — одна женщина 1981 года рождения и трое мужчин 1980, 1989 и 1990 годов рождения.

По данным полиции, один из задержанных находился в розыске за мошенничество в особо крупном размере, второй — за обман граждан под предлогом трудоустройства в горно-металлургический комбинат. Женщина подозревается в присвоении денежных средств от продажи мобильных телефонов, а ещё один мужчина — в совершении экономических преступлений. Все они совершили противоправные деяния на территории своей страны.

Предварительно установлено, что иностранцы скрывались на территории Казахстана и, возможно, намеревались продолжить здесь свою противоправную деятельность. Благодаря поступившей оперативной информации сотрудники полиции провели их задержание.

— В настоящее время все иностранные граждане водворены в изолятор временного содержания, решается вопрос об их депортации. Проводится проверка на причастность к другим возможным преступлениям, — отметили в полиции.

В Департаменте полиции Алматинской области подчеркнули, что налаженное взаимодействие с международными правоохранительными органами способствует эффективному обеспечению общественной безопасности и борьбе с трансграничной преступностью.


АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР АПТА ІШІНДЕ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ІЗДЕУДЕ БОЛҒАН ТӨРТ ШЕТЕЛДІК АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

Өткен аптада өңір аумағында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында өз елінде түрлі қылмыстар жасады деген күдікпен көршілес елдің азаматтары ұсталды. Олардың қатарында — 1981 жылы туған бір әйел және 1980, 1989 және 1990 жылдары туған үш ер адам бар.

Полиция мәліметінше, ұсталғандардың бірі аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін, екіншісі — азаматтарды тау-кен-металлургия комбинатына жұмысқа орналастыру сылтауымен алдағаны үшін іздеуде болған. Әйел адам мобильді телефондарды сату арқылы түскен ақшаны иемденіп алған деген күдікке ілінсе, тағы бір ер адам экономикалық қылмыстар жасағаны үшін іздеуде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдіктер Қазақстан аумағында жасырынып, мұнда да қылмыстық әрекеттерін жалғастыруды көздеген болуы мүмкін. Жедел ақпараттың нәтижесінде полиция қызметкерлері оларды құрықтады.

— Қазіргі уақытта барлық шетелдік азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларды өз еліне қайтару мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Алматы облысы Полиция департаменті халықаралық құқық қорғау органдарымен орнатылған өзара іс-қимыл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, трансшекаралық қылмыспен күресте тиімді нәтиже беріп отырғанын атап өтті.


ЕНБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫНАН БІР КЕЛІДЕН АСТАМ ҚАРАСОРА ТӘРКІЛЕНДІ

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылында полиция қызметкерлері Mitsubishi Lancer маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік тізгінінде Байсейт ауылының 34 жастағы тұрғыны болған.

Темір тұлпардың салонын тексеру барысында артқы орында өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған 20 полиэтилен пакеті анықталып, тәркіленді. Сонымен қатар, қолдан жасалған пышақ табылды.

– Ер адам медициналық тексерістен өтті. Сараптама нәтижесінде оның каннабиноидтерді қолдану салдарынан есірткілік мас күйінде болғаны анықталды. Сондай-ақ, тағайындалған сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 1 кг 153 грамм болатын кептірілген қарасор (марихуана) екенін растады, – деп хабарлады ведомстводан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізуде.

Құқық қорғау органдары азаматтарды есірткі айналымына байланысты құқықбұзушылықтардан аулақ болуға шақырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған қылмыстық жауапкершілік туралы еске салады.


СВЫШЕ КИЛОГРАММА МАРИХУАНЫ ИЗЪЯЛИ ПОЛИЦЕЙСКИЕ У ЖИТЕЛЯ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

В ходе оперативно-профилактического мероприятия «Правопорядок» в селе Шелек Енбекшиказахского района полицейскими задержана автомашина марки Mitsubishi Lancer, за рулём которой находился 34-летний житель села Байсеит.

При осмотре салона на заднем сиденье обнаружен полиэтиленовый пакет, внутри которого находились 20 свёртков с веществом растительного происхождения, с характерным запахом. Также был изъят самодельный нож.

– Мужчина был направлен на медицинское освидетельствование, по результатам которого установлено, что он находился в состоянии наркотического опьянения, вызванного употреблением каннабиноидов. Вместе с тем, назначенная экспертиза подтвердила, что изъятое вещество является высушенной марихуаной весом 1 килограмм 153 грамма, – отметили в ведомстве.

По факту зарегистрировано уголовное дело, ведётся досудебное расследование. Подозреваемый водворён в изолятор временного содержания. Полиция проводит комплекс необходимых мероприятий, направленных на всестороннее установление всех обстоятельств произошедшего.

Правоохранительные органы призывают граждан воздерживаться от противоправных действий, связанных с оборотом наркотиков, и напоминают об уголовной ответственности, предусмотренной законодательством Республики Казахстан.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы заңсыз әрекеттер бейнеленген түсірілім анықталды. Оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында Іле ауданы Қараой ауылында болғаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша полицияға азаматтардан арыз-шағым түскен жоқ.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін құқық бұзушы жасөспірімнің және оқиғаны бейнетаспаға түсірген мектеп оқушысының заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға қосымша ықпал ету шараларын қабылдау туралы ұсыныс енгізілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы мұндай зорлық-зомбылық әрекеттері қоғамдық тәртіп пен заңдылық қағидаларын өрескел бұзу болып табылады. Осы тәріздес құқықбұзушылықтарға қатысы бар барлық тұлғалар заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылатын болады.

Ювеналды полиция қызметкерлері осындай оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
В результате мониторинга социальных сетей выявлен видеоматериал с фактом противоправных действий среди несовершеннолетних. Установлено, что инцидент произошел в сентябре 2024 года в селе Караой Илийского района. Заявлений от граждан в полицию по данному факту не поступало.

В настоящее время по данному факту зарегистрировано уголовное дело по признакам нанесения побоев несовершеннолетнему. Проводится досудебное расследование.

За ненадлежащее исполнение обязанностей по воспитанию детей к административной ответственности привлечены законные представители виновных несовершеннолетних – подростка, применившего насилие, и школьника, осуществлявшего видеосъемку.

Указанные подростки поставлены на профилактический учет.

В комиссию по делам несовершеннолетних при акимате внесено представление о принятии дополнительных мер воздействия.

Подобные проявления насилия среди несовершеннолетних являются грубым нарушением общественного порядка и принципов законности. Все лица, причастные к подобным инцидентам, будут привлекаться к строгой ответственности.

Сотрудники ювенальной полиции продолжают профилактические мероприятия, направленные на предотвращение подобных случаев в будущем.


ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 29 АЛАЯҚТЫҚ ФАКТІСІНЕ ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІНІ АНЫҚТАДЫ

Еңбекшіқазақ ауданында полицейлер арсыз алаяқтықтардың тізбегіне нүкте қойды. 62 жастағы әйел өзін жер телімін рәсімдеуге көмектесемін деп таныстырып, адамдардан ақша алған.

Кейбір тұрғындардан 45 мың теңге, ал біреуінен 200 мың теңге алған. Қазірдің өзінде 29 жәбірленуші анықталды. Полицейлер бұл сан әлі де өсуі мүмкін деп отыр.

Ауыл тұрғынының бірі арыз түсіргеннен кейін тәртіп сақшылары жедел түрде тексеріс жүргізіп, күдіктінің байланыстарын анықтауға кіріскен. Нәтижесінде, бір ғана әйелдің артында тұтас алаяқтық схемасы тұрғаны белгілі болды.

– Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер дәлелдерді мұқият жинап, барлық жәбірленушілерді анықтаумен қатар, оның басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Тергеу жалғасуда. Полицейлер әрбір фактінің жауапсыз қалмауын және қылмыстық істі соңына дейін жеткізілуін қамтамасыз етеді.


ЗЕМЕЛЬНАЯ АФЕРИСТКА: СОТРУДНИКИ ПОЛИЦИИ ВЫЯВИЛИ ПОДОЗРЕВАЕМУЮ В 29 ФАКТАХ МОШЕННИЧЕСТВА

В Енбекшиказахском районе полицейские поставили жирную точку в цепочке циничных мошенничеств. Под видом «помощницы» в оформлении земельных участков 62-летняя женщина без зазрения совести обчищала карманы доверчивых граждан.

Суммы вроде бы и не заоблачные, у одного пострадавшего 200 тысяч тенге, у остальных по 45 тысяч. Но итоговая картина шокирует, 29 жертв, и это, как подозревают стражи порядка, ещё не предел.

После заявления одного из обманутых сельчан, полицейские оперативно провели проверку и начали «пробивать» связи подозреваемой. Результат не заставил себя ждать. Вскрылась целая серия мошенничеств, за которыми стоит одна и та же дама.

– В настоящее время в отношении подозреваемой возбуждено уголовное дело по статье «Мошенничество». Следователи продолжают кропотливо собирать доказательства, устанавливают всех возможных потерпевших и тщательно проверяют её причастность к другим эпизодам противоправной деятельности – отметили стражи порядка.

Расследование продолжается и полицейские намерены довести его до логического завершения, чтобы ни один факт не остался безнаказанным.

Показано 20 последних публикаций.

462

подписчиков
Статистика канала