📌ҰЭМ-де Республика күні қарсаңында салтанатты жиын өтті
🔹Салтанатты жиын барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров министрлік ұжымын мерекемен құттықтады.
💬Н. Байбазаров өз сөзінде 25 қазан – Қазақстан Республикасының негізі қаланып, «Егемендік туралы» декларация қабылданған тарихи күн екенін атап өтті. Дәл осы күні демократиялық қоғамның діңгегін нықтап, азат болудың алғышарты жасалды.
🎖️Республика күніне орай министрліктің бірқатар қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табысталды.
https://t.me/presseconomy

«Соңғы жылдары елімізде түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси реформалар жүзеге асырылып, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тың жобалар қолға алынуда. Еліміздің барлық жетістігі – әрбір қазақстандықтың толағай еңбек пен маңдай терінің жемісі» - деді вице-премьер.