Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📍Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Шымкент шаһарының тұрғындарымен кездесті
📌2024 жылғы 20 қарашада Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Премьер-Министрдің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізудің кейбір мәселелері туралы» өкімі аясында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды, онда Құрсай шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өтті.
💼Жұмыс сапары барысында вице-министр «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметімен, сондай-ақ ірі қалалардың шеткі инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан Құрсай шағын ауданының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысымен танысты.
💬Халықпен кездесуде тұрғындарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер талқыланып, әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтерілді.
✅Бұған қоса, жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының қатысуымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша жиын өткізілді. Жиын Қазақстан Республикасында Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген іс-шараларды іске асыру аясында өтті.
🗣Қатысушылар халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанның ірі қалаларында мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың тәсілдерін ұсынды. Сондай-ақ, атқарушы органдар мен тұрғындардың өзара іс-қимылын жақсарту бойынша қала аудандары әкімдерінің ұсыныстары тыңдалды.
✍🏻Жиын қорытындысы бойынша алдағы жұмыста қолданылатын тиісті ұсыныстар әзірленді.
📱 https://t.me/presseconomy