Автоматты беріліс қорабын біртіндеп істен шығаратын қателік: қол тежегіші не үшін қажет?
__________________
Ошибка, которая медленно убивает автомат: Зачем на самом деле нужен ручник?
Автоматты беріліс қорабын «P» режимінен шығарғанда қатты соққы естіп көрдіңіз бе? Бұл – қорапқа артық күш түсіп жатқанын білдіреді. Ал оның басты себебі – қол тежегішін қолданбау 💛
Көпшілік «Паркинг режимі бар болса, қол тежегіші не үшін керек?» деп ойлайды. Бірақ «P» режимінің ішінде беріліс қорабын ұстап тұратын үлкен механизм жоқ. Ол – көлікті бекітіп тұратын шағын ғана металл бекіткіш.Көлікті еңісте қол тежегішін тартпай қалдырсаңыз, оның бүкіл салмағы сол кішкентай бекіткішке түседі 🖤
Соның салдарынан бөлшек қатты қысылады. Кейін «P» режимінен шығарғанда сезілетін қатты соққы дәл осыдан пайда болады. Уақыт өте келе металл тозады, ұсақ металл бөлшектері майға араласып, автоматты беріліс қорабының қызмет ету мерзімі қысқарады 💛
Беріліс қорабын ұзақ уақыт жақсы күйде сақтау үшін мына ретпен әрекет етіңіз:
Көлікті тоқтатыңыз, қол тежегішін тартыңыз, аяқ тежегішін жіберіңіз (көлік қол тежегішіне толық тірелсін), содан кейін ғана беріліс тетігін «P» режиміне ауыстырыңыз. Болды! Осылайша автоматты беріліс қорабын артық жүктемеден қорғап, қымбат жөндеу шығындарының алдын алуға болады.
__________________
Ошибка, которая медленно убивает автомат: Зачем на самом деле нужен ручник?
Слышали сильный толчок, когда переключаете автомат из режима «P»? В этот момент коробка страдает от чрезмерной нагрузки. А виной всему — привычка забывать про ручник 💛
Многие думают: «Зачем ручник, если есть паркинг?». Но внутри коробки режим «P» — это вовсе не мощный блок. Это всего лишь крошечный металлический крючок-защелка. Когда вы оставляете машину даже на небольшом уклоне без ручника, вся её многотонная масса слегка откатывается и всем своим весом наваливается на этот маленький штырёк 🖤
Деталь намертво заклинивает под тяжестью автомобиля. Когда вы потом с трудом переключаете рычаг из «P», происходит тот самый болезненный пинок. Металл постепенно изнашивается, мелкая стружка попадает в масло, и автомат начинает медленно выходить из строя 💛
Правильный алгоритм для долгой жизни коробки:
Остановились, затянули ручник, отпустили ножной тормоз (пусть машина зафиксируется на нем), и только теперь перевели рычаг в «P». Всё! Никаких пинков и дорогих ремонтов.