🇰🇿🇬🇼Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
✉️✉️✉️✉️✉️✉️
– Бұл сапар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді
– Көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалануға екі ел де мүдделі. Осы ретте Батыс Африкадағы Бисау порты мен Транскаспий көлік дәлізін ұштастыру жолдарын зерделеуге келістік
– Темір, фосфат, боксит және басқа да сирек кездесетін минерал кеніштерін барлау және игеру үшін бірлесе жұмыс істеуге зор мүмкіндік бар
– Азаматтарымыз бір-бірін жақын танып, білуі үшін мәдени-гуманитарлық байланыстың маңызы зор. Осы ретте мен Гвинея-Бисау жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсындым
– Қазіргі геосаяси жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Африка Одағы аясында өзара қолдау көрсету және консультациялар өткізу аса маңызды
– Умару Эмбало мырзаның сапары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп санаймын.
@ptrkkz