Қазір халықтың қазақ телевизиясына көзқарасы өзгерген. Алыпқашпа әңгіме сипатындағы бағдарламалар көпшіліктің көңілінен шықпай жатады. Орынсыз сөз, орынсыз әзіл, «орынсыз» тележүргізуші. «Көгілдір экран көкесі барлар отыратын жерге айналды» деген пікірлер де жоқ емес. Расында да, Қазақстандағы арналар нені көрсетеді? Нені насихаттайды? Бір бағдарлама Қазақстан мен шетелдегі соңғы жаңалықтардың жайын айтса, енді бірі адам тағдырын нысан етіп, соның төңірегінде әңгіме қозғайды. Заңды сөйлететін бағдарламалар тағы бар, одан бөлек әйел тағдыры бүгінгінің өзекті мәселесіне айналды. Мейлі! Ел көрсін, білсін, үлгі алсын, соңғы жаңалықтан құлағдар болсын. Ал мәні мен мағынасы жоқ, берер «тәрбиесінің» құны бес тиын бағдарламалар ше? «Рухани жаңғыру» деп дабыра қылып жүрген жұрт жас қыздардың жігіт іздегенін көріп жаңғырып жатыр ма? Өзге елден ұрланған бағдарламаларды қайтеміз? http://www.qamshy.kz/article/telearnadaghi-baghdarlamalar-kolxozdinh-shwildap-otetin-zhynalisina-uqsaydi.html