Бүгін Qarmet компаниясы «Жақтау» және «Қорғау» кәсіподақтарының өкілдерімен жаңа ұжымдық шартқа қол қойып, әлеуметтік әріптестіктің маңызды кезеңін аяқтады. Бұл құжат еңбек қатынастарын нығайтуға, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған конструктивті диалог пен өзара ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады.
Шартқа қол қою өзара түсіністік жағдайында өтті, бұл компания мен кәсіподақтардың өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге дайындығын көрсетеді. Жаңа құжатта қызметкерлердің мүддесі ескеріліп, барлық қолдау шаралары, әлеуметтік кепілдіктер мен даму бағдарламалары қарастырылды.
Qarmet компаниясының бас директоры Вадим Басин жаңа ұжымдық шартты әзірлеу бойынша жан-жақты бірлескен жұмыс жүргізілгенін атап өтті:
«Біз ауқымды жұмыс атқардық, кәсіподақ өкілдерімен көптеген кездесу өткізіп, талқыладық. Ең бастысы, нәтиже бар – жаңа ұжымдық шарт жасалды. Алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істейміз, түйінді мәселелер бар, біз оларды шешуге міндеттіміз», – деді Басин.
«Жақтау» кәсіподағының төрағасы Виктор Щетинин мен «Қорғау» кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев комиссияның жұмысына алғыс айтып, қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда табыс тіледі.
«Qarmet басшылығы тарапынан және кәсіподақтардағы әріптестеріміздің тарапынан комиссияға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Ауқымды жұмыс атқарылды. 1 қаңтардан бастап біз жаңа ұжымдық шарт бойынша жұмысымызды бастаймыз», – деді Виктор Щетинин.
«Ұжымдық шарт жобасын дайындау бойынша жұмыс 7 айдан астам уақытқа созылды. Мұндай ұзақ мерзім бұл жұмыстың оңай болмағанын көрсетеді. Әлеуметтік әріптестерімізге, Qarmet өкілдеріне конструктивті диалог үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі – барлық бұрынғы жеңілдіктер мен кепілдіктер сақталған теңгерімді құжат болды деп есептеймін. Біздің ұжымдық шарт Қазақстандағы ең үздік шарттың бірі болып қала береді. Осы оқиғамен компанияның барлық қызметкерлерін құттықтаймын», – деді Евгений Буслаев.
Вадим Басин 2024 жылдың қорытындысы бойынша бизнес-жоспардың өндірістік көрсеткіштері орындалғанын және қызметкерлерге сыйақы төленетінін ерекше атап өтті.
Жаңа ұжымдық шарт компанияның әрі қарай тұрақты дамуының, қызметкерлердің өмір сүру деңгейін арттырудың және Qarmet-ті әлеуметтік жауапты жұмыс беруші ретінде нығайтудың негізі болады.