Лайыпқақ.
Бір британдық компания ребрендинг жасап атына блокчейн дегенді қосқан соң акциялары әуелеп кетіпті. Бұл бір ғана мысал, бұндайлар көп. (https://www.bloomberg.com/news/articles/2017-10-27/what-s-in-a-name-u-k-stock-surges-394-on-blockchain-rebrand). Егер кәсібіңіздің тасы өрге домаласын десеңіз "блокчейн" сөзін бір орын тауып бизнесіңіздін атына тіркестіріп қоя салыңыз :)
Өтірікші болмас үшін, бары-жоғы, git қолдансаңыз жеткілікті. Себебі git қолданатын технология - Merkle tree, яғни хештер тармағы. (әйтпесе, коммиттердің айдилері хеш емей немене?). Блокчейннің де басты идеясы - хештер тармағы арқылы ақпараттың өзгермегенін қадағалау. Әрине, гитте консенсус деген ұғым жоқ, бірақ ол блокчейнде міндетті түрде болуы керек деп ешкім айтқан емес. Сонымен, кез-келген гит қолданатын өнім, техникалық тұрғыдан қарағанда, блокчейнде жасалғандығы - ақиқат.