Галактика Сақшыларының режиссері Жеймс Ганн туралы естіген шығарсыз. 7-8 жыл бұрын туиттерде жазған өте дөрекі әзілдері үшін Дисней компаниясы оны жұмыстан қуып жіберіпті. Режиссер ол әзілдерді удалить етіп, кешірім сұрағаны да аздық еткен көрінеді. Ганның басына түскен күн, бәріне де түсуі мүмкін. Адамның дұшпаны - сол адамның бәлен жылғы интернет жазбасы болатын заман келді ғой. Кіршіксіз репутация талап ететін жұмысқа тұрғалы жатсаңыз туиттеріңізді тазалай жүріңіз. Қолмен тазалау қиын-ақ, сондықтан мұнда дайын питонда жазылған скрипт бар. Өзі керекті датаға дейінгі жазбаларды тазалап береді. https://medium.freecodecamp.org/how-to-delete-your-past-tweets-in-bulk-and-for-free-save-yourself-from-your-past-self-f8844cdbda2
П.С. Дисней компаниясының бастықтарын да түсінбейм, өткенді қазбалағыш болса түбіне дейін қазсын да. Керек болса Уолт Дисней өзі расизмді қолдаған адам. Компания атын ауыстыруға тұрарлық факт емес пе екен сол?
Дисней компаниясы, егер осы жазбаны 2030 жылдары оқып отқан болсаңдар, мені жұмыстан қумаңдаршы 😅