🇰🇿🇨🇳Өңірлендіру қағидаты: Қазақстан Хунань провинциясымен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары Хунань провинциясынан басталды.
Сауда министрі Арман Шаққалиев атап өткендей, Қытай Қазақстанның негізгі өткізу нарықтарының бірі және серіктесі болып қала береді. Осыған байланысты қазақстандық делегацияны 2024-2025 жылдарға арналған өнімді жеткізу шарттарын талқылауға дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші отандық компаниялар таныстырады.
Министр сондай-ақ екі ел арасындағы инвестициялық байланыстар да жақсы дамып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, өткен жылы Қытай Қазақстан экономикасына $1,4 млрд-қа жуық тікелей инвестиция салды. Негізінен құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі сияқты салаларды дамытуға бағытталған.
Толығырақ СИМ сайтында.
t.me/sauda_inform