Сөз:


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Лингвистика


Қазақтың ұмыт болған, сирек қолданылатын яки көпшілікке беймәлім сөздерді жариялап отыратын телеграм арнасы. Сұрақ не ұсыныс бойынша маған, яғни @ileezyy-ге жазуға мархабат.
Insta: https://instagram.com/qazsoz_
Фото суреттер Unsplash сайтынан алынған.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Лингвистика
Статистика
Фильтр публикаций


Сөз: Ерек
үстеу

Өзгеше, бөлекше, дара.
-
Исключительный, особый

Салақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез,
Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек.
📖 Абай, Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

Бұл дүние кезек берер істі өңгелеп.
Онан қорқып, обырлық қоймасаң да,
Адам боп, хайуаннан болсаңшы ерек!
📖 Шәкәрім, Адамшылық

Биылғы Май бір бөлек,
Далаға шыққан.
Бақтарда өнген гүл де ерек.
📖 М.Мақатаев, Мәңгілік жастық

Адамға бүгін бағынған,
Қыр бейнесі өңді ерек
Шал көзіне шалынған,
Сыңсыған қайың, бәйтерек
📖 Т.Жароков шығармасынан

Дереккөз 1; Дереккөз 2


Сөз: Сарымақ/Шөнжік
зат есім

Жолбарыстың күшігі
-
Тигренок

Саптаяқтай еріндім, сарымақтай азулым
📖 Бұқар жырау шығармасынан

Алдырған сарымағын өлекшіндей, азғындап шөктің, Сара, жылдан-жылға.
📖 Біржан мен Сараның айтысы

Шөнжіктер ысылдай, пысылдай жарысып, қу шандырды аяусыз созғылауға кіріскен.
📖 М.Мағауин, Шақан шері

Белгілі болғандай, шөнжік экспресс-пошта арқылы Халиско штатынан (Мексика) Керетапо штатына бармақшы болған.
📖 КТК арнасы, Тірі жолбарысты пошта арқылы жөнелтпек болған

Дереккөз 1; Дереккөз 2; Дереккөз 3


Көп атала бермейтін түс, реңк атаулары мен соған қатысты сөздер

Бұл жазбада түстердің өзінен гөрі, түстерді атауға көмектесетін сөздер қамтылған.

Бөлісіп, пікір алмаса отырыңыздар.


Сөз: Лазым (ләзім)
модаль сөз

Жөн, дұрыс, абзал.
-
Лучше, вернее, необходимо.

Бұл дүниенің мысалы
Ұшып өткен құспен тең,
Өмірде көрген жақсылық,
Ұйықтап өткен түспен тең,
Атадан мирас ақылың,
Түзік айтқан мақұлың,
Ләзім болған іспен тең.
📖 Шал ақын, Бұл дүниенің мысалы

Әуелден көңілімді бердім саған,
Нәзік бел, қиғаш қасты, қалам бармақ,
Жігітке лазым еді іздеп бармақ.
📖 Ақан сері өлеңінен

Оған жауап қайтармау үшін адам арын да, намысын да, әлеуметтік беделін де жоғалтқан болуы лазым.
📖 М.Шоқай шығармасынан

Бекерден-бекер басқа пәле тілегенше тоқал үйінің үстіне шығып жата кетуді ләзім көрдім.
📖 О.Бөкей, Үркер

Дереккөз 1; Дереккөз 2; Дереккөз 3; Дереккөз 4;


Көп атала бермейтін гүлдер атауы

Осы жазбада аталған гүлдер: Сәлдегүл, таушымылдық (пион); Бақытгүл (хризантема); Қалампыр (гвоздика); Құртқашаш (ирис); Баршынгүл (гладиолус).


Сөз: Қомсыну
етістік

Азсыну, көңілі толмау, менсінбеу, жақтырмау.
-
Считать недостаточным, пренебрегать, не одобрять.

Қарайды да алтынға,
Қомсынады "аз ғой",— деп,
"Қыстау керек, үй керек,
Сән-салтанат, расход көп.
📖 Абай, Жарлы бай (Крыловтан)

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып қоңырайма, кұрбыларым!
📖 А.Байтұрсынұлы, Замандастарыма

Нәрсем болса бергендей
Әлдеқашан сатпас пем.
Серінің сөзін қомсынып,
Сен, ит, сенбей тұрмысың
📖 Ж.Аймауытов шығармасынан

Ортасында осынау бір қоныстың
Қомсынады ол бір өзін.
Буырқанған тройкадай орыстың
Ұнатады ол мінезін.
📖 М.Мақатаев, Ильич

Қыз қадірін түсіріп,
Емес мұным қомсыну.
Әйтсе де не түсініп
Отыр дейсің сол сұлу!
📖 Қ.Мырза Әли, "Көш" жинағынан

Дереккөз 1; Дереккөз 2


Сөз: Жалқын
зат есім

Алаулаған жалын
-
Пламя

Бұған тиген су перінің салқыны,
Салқыны емес, бейне оттың жалқыны
Қол-аяғын от ішінде қалқиды.
Бойыңды улап, басылған екен қарқыны
📖 Ж.Аймауытов, Қара бақсы

Ашық аспан астында мыңдаған сары жалқын алау асыр салып билеп жүр.
📖 Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақ

Алаулаған, алқызыл жарық.
Екі ұшты еді тағдырымыз біздің де.
Жалқын сәуле шашып еді батқан күн,
Жас баладай, мәз-мейрам боп шаттандың,
📖 М.Шаханов, Танакөз

Сол көктемгі көкжиек -қоп-қою жалқынды сағым іркіліп барып, көк күмбезімен көмкерілген
📖 О.Бөкей, Үркер

Жалқынданып күн батар, Ай да туар нұрланып. Біреу сезіп тіл қатар, Шық үйіңнен ұрланып
📖 С.Мәуленов, Шық тезірек қалқашым

Дереккөз 1; Дереккөз 2


Сөз: Десте
зат есім

1. Оралған егіннің бумасы; 2. Буда, шоқ, топ; 3. Деректер шоғыры (инф.)
-
1. Свернутый стог сена (тюк, рулон); 2. Стопка, пачка, группа; 3. Пакет данных

Қайран біздің жеңгейлер!
Өскен ерен,
Егін орып, бау байлап, дестелеген.
📖 М.Мақатаев, Қайран жандар

Жиналған көп әлеумет,
Тыңдасаң кепті шертейін.
Әңгімені дестелеп,
Түйдегімен кертейін
📖 С.Сейфуллин, Ұйымдағы әрбір азамат — жалшының қорғаушысы

Осы дестелеп ору деген бір пәле басты қатырды. - Нұржан Тәженді қолтықтап, оңашалау апарды.
📖 З.Шашкин, Өмір тынысы

Әрбір дестеде алушының (қабылдаушының) адресі көрсетіледі. Бағдарлауыш осы мәліметті пайдалана отырып, әрбір десте үшін бағдар таңдайды.
📖 Уикипедия, Десте

Дереккөз 1; Дереккөз 2


Көп атала бермейтін тағы бірнеше балық атауы

Осы жазбада аталған балықтар: Бекіре (осетр); Жайын (сом); Қаракөз (вобла); Қарша (килька); Сүйрік (стерлядь) және Майбалық (шпроты).

Дүкен базарда жүргенде айта жүрейік, біз бастамасақ сол қалпы "орысшыл" боп қала бермекпіз.


Сөз: Мелдек
зат есім

Кеңірдек, тамақ
-
Горло, глотка

Мелдектеу — шамадан тыс тою (объедаться)

Асыл шөп, жасық шықтың иісі аңқып,
Батқандай мелдегінен нұрға қалқып.
📖 С.Торайғыров, Шілде

Албан – мейман келсе мелдектеп, берекесі кіре түсетін қонақжай ел
📖 Ш.Мұртаза, Қызыл жебе

Өтірік қияпазданып, мелдегінен шыға тойып, ықылық атып отырған адамдай, қолымды тамаққа батыра алмаймын
📖 С.Жүнісов, Өшпейтін іздер

Күшіктің бөлтірікке айналар кезінде оларды қансоқтыға мелдектетіп, жондандырып өргізбек болды
📖 Т.Әлімқұлов, Шежіре

Дереккөз 1



Показано 11 последних публикаций.

981

подписчиков
Статистика канала