Фильтр публикаций


⚽️Әлем Чемпионатына шыққан құрамалар

🔹Іріктеу кезеңінде топтарында екінші орын алған бірнеше құрамалар плей-офф форматында Әлем чемпионатына жолдама үшін сынға түседі.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇨🇼 Кюрасао тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды

⚽️Кюрасао құрамасы өз тобының жеңімпазы атанып, тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионатына шықты.

✅ Кюрасао Кариб теңізіндегі, Венесуэла жағалауынан 80 км қашықтықта орналасқан арал, оның халқы 156 мыңнан сәл асады. Бұл арал мемлекеті Исландия орнатқан бұрынғы рекордты жаңартты.

🔹КОНКАКАФ континетінен сынға түсіп жатқа мемлекет өз тобында Ямайка, Тринидад, Тобаго, және Бермуд аралдары құрамаларынан озып, топта бірінші болды.

📌 Кюрасао Нидерланд корольдігі құрамындағы өзін-өзі басқаратын мемлекет. Елдің басшысы король, ал қорғаныс пен сыртқы саясатқа Нидерланд мемлекеті жауап береді. Дегенмен Кюрасао, Фарер аралдары немесе Уэльс сияқты, ФИФА құрамына кіреді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия құрамасы 28 жылдан кейін Әлем чемпионатына шықты

⚽️ Стив Кларктың командасы іріктеу кезеңінің соңғы турының алдында 2-орында болды, Даниядан 1 ұпайға (10 - 11) қалып тұрған еді, және соңғы ойында топтың лидерімен өз алаңында кездесті.

🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿🇩🇰 93-минутқа дейін есеп тең болды 2:2. Қосылған уақыттың соңында Киран Тирни айып алаңынан сыртынан жеңіс добын соқты. 98-минутта Кенни Маклин жағдайды пайдаланып, орталық шеңберден Дания қақпасына төртінші голды соқты (4:2).

📌 Шотландия құрамасы енді 1998 жылдан бері алғаш рет Әлем чемпионатында ойнайды.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿 Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет элиталық кезеңге өтті

🤝 Футболдан Еуро-2026 іріктеу кезеңінің үшінші матчында Қазақстан U-19 құрамасы Кипрмен тең тарқасты.

✅ Осылайша жасөспірімдер құрамамыз «B» дивизионының 1-тобын екінші орынмен аяқтап, элиталық кезеңге шықты.

👏 Қазақстан U-19 командасы енді 2026 жылдың көктемінде Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін таласуға мүмкіндік алды.

📌 Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тарихында алғаш рет элиталық кезеңге өтті.


🔆 Қайырлы таң, құрметті көрермен! Күн сәтті өтсін!

📺 Бүгінгі эфир кестесі: ⤵️

07:00 – Әнұран
07:05 – Нысана көздеу. Әлем чемпионаты (Mixed Team). 25 м Rapid Fire Pistol. Финал
07:45 – Арнайы репортаж. Балқашты бағындырған Ақназар
08:00 – Жолдастық кездесу. Фарер аралдары – Қазақстан
09:55 – Волейбол. Ұлттық лига (әйелдер). Қуаныш – Алматы 🔴LIVE
11:35 – Футбол. Әлем чемпионаты-2026 іріктеу турнирінің шолуы. 1-бөлім
12:25 – Волейбол. Ұлттық лига (әйелдер). Қарағанды – Тұран 🔴LIVE
14:05 – Әлем чемпионаты-2026 іріктеу турнирінің шолуы. 2-бөлім
14:55 – Волейбол. Ұлттық лига (әйелдер). Берел – Ақтөбе 🔴LIVE
16:55 – Sport Review ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы
17:25 – Волейбол. Ұлттық лига (әйелдер). Жетісу – Астана 🔴LIVE
19:25 – Әлем чемпионаты-2026 іріктеу турнирі. Молдова – Италия
21:15 – Әлем чемпионаты-2026 іріктеу турнирінің шолуы. 1-бөлім
22:05 – Мәнерлеп сырғанауы. Гран-при. Мұздағы би. Ырғақты би, жұптар. Еркін бағдарлама
00:25 – Әлем чемпионаты-2026 іріктеу турнирінің шолуы. 2-бөлім
01:15 – Әнұран


🇰🇿 Қазақстан құрамасы жеңіске жете алмады

Биылғы жылдың соңғы ойынында ұлттық құрама ойыншылары Фарер аралдары құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді.

Сырт алаңда Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіліп қалды.


Ойынның аяқталуына 30 минут қалды. Нәтиже шығара аламыз ба?

🇫🇴 Фарер аралдары 1:0 Қазақстан 🇰🇿


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🥈 Ислам Ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері Ислам Евлоев финалдық кездесуден кейін пікір айтты

Отандасымыз грек-рим күресінен финалда ирандық балуаннан жеңілді.


Фарер аралдары есеп ашты

🇫🇴 Фарер аралдары 1:0 Қазақстан 🇰🇿


Матч басталды

🇫🇴Фарер аралдары - Қазақстан 🇰🇿

📺 «Qazsport» телеарнасынан тікелей көрсетілім.

Бүгінгі ойынға болжамыңыз қандай?


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🥈 Ислам Евлоев Ислам Ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері

🇰🇿 Отандасымыз грек римнен (87 кг) Сауд Арабиясында өтіп жатқан байрақты бәсекеде финалға дейін жол салып, титулды белдесуде ирандық балуанға есе жіберді. Нәтижесінде Ислам Евлоев күміс медаль иеленді.


Бастапқы құрам белгілі болды

🇫🇴Фарер аралдары - Қазақстан 🇰🇿

📺 Матчты сағат 21:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

4k 0 0 14 28

🤝 Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен жолдастық матч өткізеді

🇫🇴🇰🇿 Ойын Хорватияның Пула қаласындағы «Альдо Дросина» стадионында өтеді.

📺 Тартысты матчты сағат сағат 21:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

📌 Қазақстан құрамасына бірге жанкүйер болайық!


Бүгін

⚽️ Футболдан Әлем чемпионаты-2026 іріктеу турнирі

🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия – Дания 🇩🇰

⏰ 00:35 | «Qazsport»

🇪🇸 Испания – Түркия 🇹🇷

⏰ 00:35 | «Qazaqstan»

📌 Сүйікті командаңызға бізбен бірге жанкүйер болыңыз!


🥉 🇰🇿 Санжарәлі Бегалиев бокстан Әлем кубогы финалдық кезеңінде қола жүлдегер атанды

🥊 Дели (Үндістан) қаласында бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі өтіп жатыр.

📌 Отандасымыз жартылай финалда Оладимеджи Шиттуға есе жіберді.


🇰🇿🇪🇺 «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойындары Астанада өтеді

✅ Ресми мәлімет бойынша «Қайрат» Чемпиондар лигасында «Олимпиакос» (9 желтоқсан) пен «Брюггемен» (20 қаңтар) болатын матчтарын «Астана Арена» стадионында өткізеді.

«Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді» - деді клуб басшылығы.


📌 Билет бағасы 15 000–50 000 теңге аралығында болады. Бір адамға екі билеттен артық сатылмайды.


🇰🇿🥉Әсел Тоқтасын Бокстан Әлем кубогы финалдық кезеңінде қола жүлдегер атанды

🥊 Дели (Үндістан) қаласында бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі өтіп жатыр.

📌 Әсел Тоқтасын жартылай финалда Астанадағы әлем кубогының қола жүлдегері және 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Олтыной Сотимбоеваға (Өзбекстан) жол берді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
👏 Ислам Евлоев финалда

🤼 Ислам Ынтымақстастығы ойындарында күрес түрлерінен бәсеке басталды.

🇰🇿 Грек-рим күресінен 87 кг сынға түскен Ислам Евлоев жартылай финалда Африканың бірнеше дүркін чемпионы Сид Азара Баширді жеңіп (Алжир), финалға шықты.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿 Ислам Евлоев жартылай финалға шықты

🤼 Ислам Ынтымақтастығы ойындарында грек-рим күресінен белдесулер басталды.

🔹Отандасымыз 87 кг салмақта сынға түсіп, ширек финалда Тәжікстан өкілі Сухроба Абдулхаеваны жеңді (8:0).


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📆 Бүгін

⚽️ Жолдастық матч

🇫🇴Фарер аралдары - Қазақстан 🇰🇿

📺 Матчты сағат 21:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

📌 Ұлттық құрамаға бірге жанкүйер болайық!

Показано 20 последних публикаций.