«Мен мұсылманмын. 40 жылдан бері мұсылманмын. Сендер мені білесіңдер. Мен боксшымын. Адамдар мені ұлы санайды. Сендер мені боксшы, әрі шыншыл адам ретінде танисыңдар. Ендеше, өтірік айтып тұр деп ойламаңдар. Егер Ислам Ланкестікке шақырса, мұсылмандық туралы аузымды да ашпас едім. Мен барлық адам шындықты біліп, ақиқатты түсінуі тиіс деп ойлаймын. Ислам, ол бейбітшілік, тыныштық. Ол ланкестік пен өлімді ешқашан қолдамайды. Мен мұсылманмын. Мен америкалықпын. Америкалық мұсылман ретінде 11 қыркүйекте орын алған жағдайға көңіл айтамын. Бүкіл әлемнің Ислам туралы жаман ойлап жатқанына қарап тыныш отыра алмадым. Радикалды топтардың Ислам атына кір келтіріп жатқаны жанымды қатты ауыртады. Құдай ешқашан террористердің жағында болған емес. Терракт менің дініме жат нәрсе. Себебі
мұсылмандар күш көрсетуді жақсы көрмейді, Алла өлтірушілерді колдамайды»
© Мұхаммед Әли
📝 Марфуға Шапиян
📗 Әлем таныған мұсылмандар
мұсылмандар күш көрсетуді жақсы көрмейді, Алла өлтірушілерді колдамайды»
© Мұхаммед Әли
📝 Марфуға Шапиян
📗 Әлем таныған мұсылмандар