Оқулық, бұл өмірде өзін үлкен әріптен тұратын АДАМ ретінде қабылдаған және өзінің ынта жігері арқылы көру қабілетін жақсартуға немесе қалыпқа келтіруге ұмтылған адамдарға арналған.
Сондықтан бұл жерде ең басты талап - шынайылық және де қысқа, айқын, анық, қол жетімді түрде сипаттау, өзгешелеу айтсақ анау ауылдағы жігіттердің анда-санда ішіп алғанда айтатын сөздерін Сізге қарай бағыттап қолданып отыру!
Сонымен дайын болыңыздар.
Жылдам оқып-үйрену техникасы бес жүз беттен тұратын кітапты, арнайы «дөрекі» етіп екі ауыз сөзбен жеткізуді талап етеді! Қорықпаңыздар, жөнсіз соқтықпаймын. Жәй ғана осы уақытқа дейін шешілмеген мәселелеріңізді осы күнге дейін арқалап келгендіктен, мен Сізді дәл қазір қандайсыз сол атыңызбен атаймын!
Кітапты жазу барысында, оның көлемін қолдан келгенше барынша аз етуге тырыстық.
Ал жалқауларға мейлінше жағу үшін одан да қысқартып, керек болса көзді қалпына келтіру әдістемесін үш ауыз сөзге де сыйдыра аламын!
Одан да өткен, мұны да көп көретін, өте-мөте дарынды жалқаулар үшін үш ауыз сөзді үш әріпке дейін қысқартып, олардың тезірек жүрдек пойызға отырып кететін жақтарына кетуін сұраймын!
Қалай екен?! Мазақ еткенімді оқып не сездіңіздер?
Ренжіп қалдыңыз ба? Сізге сол керек!
Біріншіден, баяғыдан бері өз өміріңізбен айналысу керек еді! Ал екіншіден Сізді қуантуға асығып отырмын - Сіз қақпанға түстіңіз!
Егер намысыңызға тиген болса Сіз өзіңізді сол дарынды жалқауларға жатқызғаныңыз. Адам өзінің ішіндегі барды ғана өз атына қабылдай алады.
Егер мен дөрекі сөзді Сіз білмейтін тілде айтсам, Сіз оны түсінбейсіз. Ендеше ренішті іздейтіндей ешқандай негіз жоқ. Бұл заңдылық. Сондықтан келесі жолы мұндай қателіктерді қайталамаңыз!
Мырзакорим Норбеков
"Ақымақтық тәжірибесі" (Опыт дурака)