Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін — өсекші, жүртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.
( Абай Құнанбай)
Үйім жоқ
не күйім жоқ,
Ағайын- туысқа сыйым жоқ.
Торына түскендейін өрмектің
Дастархан жайып көрмеппін.
Келелі кеңес
не алқалы жиын жоқ
Теңге түгілі тиын жоқ
Тірі өлік болған жайым бар…
Ағайынды жинап
ас бермедім,
Ұлы той жасап
құдаларға бас бермедім.
(Қайдан береке болсын)
Сосын
жалғыз өзім қалғанда жанарыма жас
тамағыма тас кермедім.
Тірі өлік болған жайым бар…
Көкпар беріп
әруақты шақырып атамның атын шығармадым.
Не болмаса
кітап жазып даналардың
хатын шығармадым.
Садақа таратып
мешіт салдырып жамағатты жиып
қатым шығармадым.
Тірі өлік болған жайым бар…
Ойым сан саққа бөлінді, Жоғалтып алғандаймын жөнімді.
Кедейдің күні құрысын…
Өмірдің сәні - өлім ді.
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін — өсекші, жүртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.
( Абай Құнанбай)
Үйім жоқ
не күйім жоқ,
Ағайын- туысқа сыйым жоқ.
Торына түскендейін өрмектің
Дастархан жайып көрмеппін.
Келелі кеңес
не алқалы жиын жоқ
Теңге түгілі тиын жоқ
Тірі өлік болған жайым бар…
Ағайынды жинап
ас бермедім,
Ұлы той жасап
құдаларға бас бермедім.
(Қайдан береке болсын)
Сосын
жалғыз өзім қалғанда жанарыма жас
тамағыма тас кермедім.
Тірі өлік болған жайым бар…
Көкпар беріп
әруақты шақырып атамның атын шығармадым.
Не болмаса
кітап жазып даналардың
хатын шығармадым.
Садақа таратып
мешіт салдырып жамағатты жиып
қатым шығармадым.
Тірі өлік болған жайым бар…
Ойым сан саққа бөлінді, Жоғалтып алғандаймын жөнімді.
Кедейдің күні құрысын…
Өмірдің сәні - өлім ді.