🇰🇿Real Madrid / Hala Madrid


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Bienvenidos madristas 🤍
"Реал Мадрид” жанкүйерлері үшін қазақ тілді парақша.
@FlyAdmin10 - жарнама, ұсыныс бойынша.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Джуд Беллингемнің «Осасуна» қақпасына соққан голы Ла Лигадағы айдың ең әдемі голына үміткер.




Бразилия құрамасы өз ойыншыларының шығу тегін зерттеу жұмыстарын бастады.

Уругвайға қарсы ойын алдында Бразилия құрамасының басшылығы Винисиусқа Камеруннан шыққанын растайтын сертификат табыс етті.


😍 «Реал Мадрид» таңғажайып формада!


Винисиус Жуниор Ла Лиганың қараша айындағы үздік ойыншысына үміткер.


🗞 AS: Алаба оралса орталық қорғаушы позициясы толық жабылады, Мадрид орталық қорғаушы сатып алмайды.

Себебі Давид Алаба универал ойыншы ол қапталда да ортада да жақсы ойын өрнегін көрсете алады!


🎬 Винисиус туралы Документалды фильм Netflix кино платформасында 2025 жылы жарыққа шығады!


⚽️ Феде Вальверде Бразилияға қарсы (1-1) ойында 1 гол мен көзге түсті!

❤️ - Жарайсың Феде


📸


Арпа ішіндегі бір бидай🔥


Феде Вальверде: Барселонадан үлкен жеңіліс? Бұл өте қиын, оның үстіне өз алаңымызда жеңе алмауымыз өте ауыр болды. Бірақ бір ойын ештеңеге әсер етпейтінін түсіну керек.

Менің ойымша, “Реал Мадридте” жағдай көпшілік айтқандай жаман емес, жай ғана каталондықтар сол күні өте жақсы ойнады. Барселона екінші таймда гол соғып, бәрі өзгерді. Содан кейін қарсылас екінші гол соғады, содан кейін сен тактикалық жоспарларды ұмытып қаласың.


Феде Вальверде: Маған жүгіру, жаттығу ұнамады. Бұрын мен шабуылда өте жақсы болдым, бірақ қорғаныста әріптестеріме көп көмектеспедім. Бірақ бір күні Уругвайда бапкерлердің бірі қорғанысқа көмектеспегенім үшін мені командадан қуып жіберді. Осыдан кейін мен көбірек жүгіре бастадым.

Мені “Арсенал” сапына шақырған кезде менталитетім де, ойын стилім де өзгерді. Мен “Арсеналда” негізгі құрамда сынақтан өтетін болдым. Мен ол кезде 16 жаста едім: "Болды, бұл менің клубым. Мен осында өсемін",- делім. Ол кезде Уругвайда АПЛ-ды тамашалайтындар көп болатын, мен сонда өз болашағымды елестететінмін.

Бірақ, “Реал Мадрид” сапына көшкеннен кейін мен “Депортивоға” жалда ойнадым, сонда мен адам ретінде дамыдым, өйткені мен жалғыз өмір сүрдім. Бірақ ата-анам менен 10 минуттық жерде тұратын (күлді). Қалай болғанда да, мен өз өмірімді бастауым керек еді.

Лопетеги маған сеніп, негізгі құрамға қосты. Мен оған өте ризамын.


Вальверде: Өмірімде қай қателігім үшін әлі өкінемін? Өкінішке орай, мен футболға байланысты оқудан шықтым. Біз мұны отбасымызда талқылап, егер мен өзімді футболға арнағым келсе, оқуды тоқтатып, футболға көңіл бөлуім керек деп шештік. Шынымды айтсам, бұл дұрыс емес шешім болды. Қазір мен балаларыма кітап оқуға басымдық беру керектігін үйретемін.


Вальверде: Қыран лақап аты? Бала кезімде сыртқы келбетіме, дене бітіміне байланысты осылай атап кетті. Мен өте арық және кішкентай едім. Мені бапкеоім осылай сипаттады. Әкем бұл лақап атқа қатты ашуланды, оған бұл мүлдем ұнамайтын. Содан кейін анам әкеме: «Олар оны осылай атайды, өйткені ол алаңда ұшып жүреді», - деп айтты.

Менің ата-анам ең көп зардап шекті, себебі мен олардың бір күні 24 сағат жұмыс істейтінін көрдім. Олар маған ойындарға бутса сатып алып беруге тырысты, менің жағдайымның жақсы болуы үшін қиналды, мен оларға әрқашан ризамын.


Вальверде: Реал сапына келуім? Каземиро мені бірінші күннен қолдады. Сондай-ақ біз киім ауыстыратын бөлмеде жейделеріміздегі нөмірлерімізге байланысты өте жақын болдық. Каземироға нұсқау беру немесе біреуді түзету үшін алаңда айқайлаудың қажеті жоқ еді. Ол әрқашан бәрімен дос болды.


Феде Вальверде:

Он жылдан кейін мен өзімді қалай көремін? Мен Лука Модричке ұқсай аламын ба, соны білу үшін оның қанын аламын (күлді). Мен тіпті 32-жасқа дейін ойнай алатынымды білмеймін, ал бұл жігіт жсқында 40-қа толады.

Алтын Доп рейтингі? Мен сәл жоғары болады деп күткен едім, бірақ бұл үлкен мәртебе. Мен өте қуаныштымын, бірақ бірнеше саты жоғары боламын деп күткенмен, мен одан артық сұрамаймын.


Ресми: Эдер Милитао тізесіне ота жасалды.

Біздің ойыншы алдағы бірнеше күнде қалыпқа келтіру процесін бастайды.


«Ұлттар лигасының» топтық кезеңі аяқталды. Плей-офф кезеңіне «Реал Мадридтің» келесі ойыншылары шықты:

🇫🇷 Камавинга, Мбаппе, Чуамени
🇭🇷 Лука Модрич
🇩🇪 Антонио Рюдигер


Браим Диас мансабында алғаш рет хет-трик авторы атанды🔥🔥


Браим Диас Лесото құрамасына қарсы ойынның 15 минутында дубль авторы атанды🔥

Марокколық ойыншы Габон құрамасына қарсы ойында да дубль авторы атанған еді.

👏 Диас жалпы алғанда Марокко жейдесіндегі 8 ойында 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Өз бағыңды тапқаныңа қуаныштымыз❤️

Показано 20 последних публикаций.