Томас Мюллер Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасында таңдау жасады:
"Маған бұл сұрақты бірнеше рет қойды. Мансабымның алғашқы он жылында Криштиануды таңдадым. Бірақ жалпы картинаны қарастыратын болсақ, ең ұлы футболшы міндетті түрде ең үздік сұрмерген немесе ең көп титул жеңіп алған ойыншы болуы шарт емес. Месси 2022 жылдан кейін өте маңызды титулдың иегері атанғаны сөзсіз. Менің таңдауым – Лионель Месси.
Оның әлем чемпионатында жасағандары, қазір де көрсетіп жүрген ойыны... Бірақ оған дейін де ол өзінің футболымен адамдарға қуаныш сыйлады. Бұл бір-екі жыл емес, жиырма жылға жуық уақытқа созылды.
Оның статистикасы мен ойынын тамашалаудан ләззат аламын. Мессиді таңдауымның басты себебі осы», – деді Томас Мюллер.