تقدم ● ізгі іс ●


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


Дін《 Өзге де ілімдер《 Қызықты психология《Хадистер《Тасаууф《Қоғам《Саралау《Бастан өткен оқиғалар хикметі《Фиқһ《Ақида 《Жүктелетін кітаптар《ПАРЫЗДАР 《СҮННЕТТЕР《ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: sünnə | سُنَّة‎ tendency
Хиджабқа, оның сатылуына тыйым салынды. Тәжікстан

Нашар жаңалық. Бүгін көрдім. Жаңалықтар сайттарын қарайлап жүруге тырысамын. Ары қарай не болары қызық..

Әлгі пост астына коменттер қалдырдым, қалдырамын да. Сіздер де қосылыңыздаршы. Шариғи киінуді жақтауымыз игі. Ол маңызды. Сілтемесін коментке қалдырам

https://t.me/sunnet_ielerine


Репост из: sünnə | سُنَّة‎ tendency
Қазақстанда хиджабқа тыйым салынуы мүмкін бе? Штраф?

Осы жаңалық шықпай тұрып та отбасымыздан хиджабқа наразылықты естумен келіп едік 《жылдар бойы》. Бұл жаңалық шығып еді, қарсылық пен қысым одан әрі үдей түсті. Күн сайын ата-анамыздың үрейі мен дінді түсінбеулерінің салмағын көтерудеміз... Бұл күйде жүрген әпке-сіңілілер аз емес. Аллаһ баршамыздың иман, сабырымызды, берекетімізді арттырсын, әмин

Паранджаға шектеу болса түсінер едім... Жоқ, хиджабқа да шектеу қарастырылады-мыс. Қоғамдық орындарда хиджаб киюге де тыйым салынуы мүмкін екенін кей исламофобтар ескертуде

Жаңалықты оқығанымда көз алдыма кей бейнелер салынды. Ойлап көріңіздерші, шектеу салынды делік... Қалай іске асады? Бұл үлкен резонанс, дау, бүлік тудыруы анық қой? Әлде Салтанат Н.-ның хақын қорғауға күші жеткен халық -- орамалды қорғауға күші жетпейді деп ойлай ма...

Кезінде өзге ұлт, дін иелері қазақтың дінін жоюға көп септігін тигізген еді. Соның ықпалы әліге дейін діні Ислам болған қазағымызға әсерін беріп келеді, өкінішті. Дініміздің таралу тарихын білмеудің зияны осы ғой?!

Оқушы кезімізде әдебиет, тарих пәнінде дін жанашырлары, қазақтың ардақты тұлғаларын еститінбіз. Оларға, жалпы қазаққа көрсетілген зұлымдық -- діннің кең жайылуына да кедергі болған. Осы себепті де қазақ -- өз дінінің аз ғана бөлігінен хабардар. Әйтпегенде жерлеу, сүндеттеу т.б. діни рәсімдерді білмес еді. Діннен білМейтін ақпараттары әлі мега көп болуына не түрткі екенін түсінсе, мұндай озбырлықтар болмас еді ✔️

СҮННЕТ тенденциясы سُنَّة‎ 🔲
https://t.me/sunnet_ielerine


Құрбан айт берекелді болсын, әмин
Ол жайлы не білеміз?

Құрбан - араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы — «шарттарымен санасып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды

Бабамыз, пайғамбарымыз Ибраһимнен 《ъәләйһиссәләм》бастау алған құрбан айт -- ұлы күн, мереке. Ал кейбір ғұламалар осы дүниедегі ең қайырлы, тіпті арафа күнінен де артық күн деген.
Белгілі күндерді ұлықтау -- адам баласының тақуалығынан да хабар береді. Аллаһтың рахымына жақындау үшін тақуалыққа ықыласты арттыратын мезгіл. Бұл жайында Аллаһ қасиетті Құранда:

وَمَن يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِن تَقْوَى الْقُلُوبِ

«Кім Аллаһтың белгілерін ұлықтаса, шындығында ол жүректің тақуалығынан» деген

Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі

Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп

Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. Өзім ғана ішсем, жесем, өзім тоқ болсам болды, басқалар не болса ол болсын деген түсінік оған жат. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ: «Көршісі аш кезде өзі тоқ түнеген адам бізден емес», «Өзіңе тілеген жақсылықты басқаға да тілемейінше шынайы мұсылман бола алмайсың», «Шын мәнінде мұсылмандар бір-біріне бауыр» деген. Пайғамбарымыздың ﷺ хадистері күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады

📜 мәлімет муфтият сайтынан алынды, қосымша редакцияланды
تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny




Зуль-Хиджәдағы мереке мен береке күндер қасиеті. 2024 күнтізбесімен


Зуль-Хиджә -- қасиетті, ардақты айлардың бірі


7. 06 -- Зуль-Хиджә айының бірінші күніне түсті. Бастапқы 9-10 күн бойы ораза ұстау, Аллаһты зікір ету, Құран оқу, салауат айту, садақа беру т.б. сауапты амалдарды күшейту қажет, себебі бұлар ұлық күндердің бірі. Оның ұлықтығы Құранда да білдірілген.
▪︎10-шы мереке күні ораза ұсталмайды, ал басқа ізгі амалдар жалғасады

15. 06 -- Арафә мерекесі. Зуль-Хиджәнің тоғызыншы күні өтеді. Қажылардың Арафәт тауында ғибадат етіп, Раббымыздан қалауларын сұрайтын уақ.
Арафәт тауында бірнеше Ислами, тарихи оқиғалар болған. Солардың бірі -- Адам ата 《ъәләйһис сәләм》мен Хауа анамыздың жәннәттан жерге түсірілгенінен кейін, бірнеше жылдар өтіп, Арафәт тауында қайта кездесіп, тәубелері қабыл болып, күнәлардан тазартылу оқиғасы

🏹  Бұл ардақты күндері тек қажылар емес, барша мұсылман ғибадат етулері қажет. Бұл ардақты күн, түндері сауапты амалдар мен нашар амалдардың сыбағасы еселенеді... Сол себепті бей-жәй қарауға болмайды

16. 06 -- Ид әл Адхә / яғни Құрбан айт. Аллаһ разылығы үшін Құрбан шалу және қажылықтың аяқталуына байланысты мереке. Бұл Зуль-Хиджәнің оныншы күні.

Бұл мереке -- Ибраһим 《ъәләйһис сәләм》пайғамбардан бастау алады. Мәні мен мақсаты тереңде. Оны әр мұсылман білуі керек. Жалғасы бар

🏹  Бүгін Зуль-Хиджәнің жетінші күні 《13.06》. Зуль-Хиджәнің бастапқы 10 күні үлкен қадір-қасиетке ие. Егер арамызда бұл ардақты күн-түндердің көбін өткізіп алғандар болса, қаймықпасын. Бүгінмен санағанда, алда әлі төрт 《13, 14, 15, 16》 күніміз бар. Құлшылық-ғибадат, ізгі істер жасап, сауап жинауға асығайық, берілмеңіздер

تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny


Бұл айдың бастапқы он күні мен түні – үлкен берекеге толы

Оның ардақтылығын Аллаһтың өзі Фәджр сүресінде ант ете білдірген: «Рауандап атқан таңмен және 《зул-хижжә айының》он түнімен ант етемін»

Осы он күн мен түнде мұсылмандар ораза ұстап, көптеп Құран, нәпіл намаздар оқып, дұға етулері құп. Мұқтаждарға садақа беруді де ұмытпағаны жөн. Өйткені хадисте айтылғандай, бұл күндері жасалатын қандай да болмасын игі амал -- Аллаһтың қасында үлкен сауапқа ие

Сүйікті Пайғамбарымыз да ﷺ асыл сөзінің бірінде: «Осы он күнде 《яғни зулхиджәнің он күнінде》 жасалған игі істен Аллаһқа сүйкімдірек игі іс жоқ».

📜 Әбу Дәуд, «Бәбу фи саумиль Ашар» – 2438-хадис.; Ибн Мәджә – 1727

🏹 Уақыттың зымырағаны-ай.. 5-ші күніне де келіп қалдық. Келесі күндерді жіберіп алмайық
https://t.me/sauaptar_korjyny


"ЗУЛЬ-ХИДЖӘ АЙЫ" КЕЛІП ҚАЛДЫ

7-сі мен 8-і. Осы күндері ай туылуы және 8-інен бастап ораза ұстап бастауымыз ықтимал

☝️🏿 Дайын жүріңіздер

Ал сіз "ЗУЛЬ ХИДЖӘ" айы туралы не білесіз? Оның қадір-қасиетін зерделеуге шақырамыз. Асығыңыз, тез-тез : https://www.muftyat.kz/kk/holiday/arapa/2017-05-27/27872-zlhizhzh-ajyi-men-arapa-kn-zhajyinda/ 👈🏾 Мұнда толығырақ мәлімет бар. Қазақ тілінде

https://t.me/sauaptar_korjyny


Кәпірлердің ізгі істері есепке алына ма?

Өмірінің соңына дейін кәпір болып өткендерге қатысты Қасиетті Құранда былай делінген : " Олардың 《кәпірлердің》барлық істерін алып, күлін көкке ұшырамыз 《жоямыз》"
📜 Фурқан сүресі, 23-ші аят

Егер мұсылман болмай тұрып жақсылық жасап, ақыры Ислам дінін қабылдаса, амалдарының сауабы жазылады

https://t.me/sauaptar_korjyny




Намаз кімдерге парыз?

• Мұсылманға

• Балиғат жасына толғанға. Алайда баланы намазға ертерек үйрету үшін 7 жастан бастап намазға баулу қажет

• Ақыл-есі дұрыс болғанға 《яғни үлкен психологиялық ауытқуы бар/ есуастарға намаз міндеттелмейді》
Намаз есін білетіндерге парыз

Ал сіз осыдан кейін ойланыңыз. Біле тұра немқұрайлық, жалқаулық танытып намаз оқымаған құл -- күнәһар пасықтың санатына кіреді.

Намаз оқымау -- дүние мен ақырет азабына душар етеді. Намазсыз адам -- осы дүниеде де ертелі-кеш берекетсіздік, мұңға ұшырайды. Оны ақша да, отбасы да, жұмыс та, сауық-сайран да бақытқа бөлеМейтін болады

📜 Қасиетті Құран, "Мудәссир" сүресі, 40-43 аяттарда былай делінеді :
"Жұмақтықтар жұмақта жүріп, тозақтықтардың жағдайы жайлы бір-бірінен сұрасады. Сонда тозақтықтардан : "Сақар жаһаннамына кірулеріңе не себеп болды?" -- деп сұралады. Сонда олар : "Біз намаз оқымайтын едік", - деп жауап береді

#намаз #парыз #күнә
https://t.me/sauaptar_korjyny


Алаяқтар қызметкерлер атынан тонауда

Абай болыңыздар. Алаяқтар өтірік хабарламамен қызмет көрсеткендей кейіп танытып, жеке мәліметтерді біліп, кредит картадан несие алып т.б. тәсілдерді іске асыруда.

Қазір ойланып амал етпесе қарбыздың қауын екенін дәлелдеп беретін алаяқтар көп. Олар 70% желіні пайдаланады. Арасында дінімізді жамылып та өтірік соғып, мүләйімсіп жүргендер бар. Жан-жақты ойланып, дұрыс шешім қабылдайық.
Жанашырлық болуы керек, бірақ ол ақылмен іске асқаны дұрыс
تقدم ● ізгі іс ●

https://t.me/sauaptar_korjyny


Намазда дәрет бұзылса

Намазда дәрет бұзылып, ары қарай дәретсіз намаз оқи беру -- міне осы намазды бұзады. Бұлай болмасы үшін не істеу керек?

Бұл жағдайда намазға қатысы жоқ әрекеттер жасамастан, жақын маңнан дәрет алып, намазын тоқтаған жерінен жалғастыра алады. Осы жағдайда дәреті бұзылғанымен, намазы бұзылМаған болып есептеледі 《шартын сақтаса》

Ең абзалы -- дәрет алып, намазды қайта жаңалап оқуы. Алайда тоқтаған жерінен дәрет алып, жалғастыруына да болады. Себебі еркінен тыс дәрет бұзылғанымен, оған дейінгі намазы дәретпен оқылды. Сол үшін, намазы бұзылған саналМайды

Ал егер біле тұра, әдейі дәретін бұзса намазы да бұзылады

🟤 Жалпы намазға тұрар алдын сыртқа шыққысы келген желді, кіші-үлкен мұқтаждықты өтеп алу құп. 《намазды алаңдап, асығып, өтірік оқымасы т.б. себептер үшін》Бұл маңызды

📜 Фиқһ ілімі кітаптарынан
https://t.me/sauaptar_korjyny


Білесіз бе? 3. Намазда еркінен тыс дәреті бұзылса намаз да бұзыла ма? 《пост шетіндегі лампочканы басып, намазда дәрет бұзылса не істеу керектігі жайлы қысқаша мәлімет оқыңыздар》
Опрос
  •   Иә
  •   Дәреті бұзылады, бірақ намазы бұзылмайды. Ал дәретті әдейі, біле тұра бұзса намаз да бұзылар еді
  •   Эх, білмейм. Мешіттен не біреулерден сұрап келейін
90 голосов


Білесіз бе? 2. Шалқасынан жатып немесе бір нәрсеге сүйеніп ұйықтау дәретті бұза ма? 《қате жауап бергендер пост шетінде лампочка белгісін басып, толық жауабын оқи алады》
Опрос
  •   Жоқ
  •   Бұзады
  •   Білмеймін
123 голосов


Білесіз бе? Егер 《мысалы》 ауыздан шыққан қанның көлемі түкіріктен көп немесе онымен бірдей болса, дәрет бұзыла ма?
Опрос
  •   Иә
  •   Жоқ
  •   Өкінішке орай білмейм, діни сауатым төмен, Тіпті парыз ілімді дұрыс меңгермегем. Болашақта меңгерем
  •   Бұндай сұрақтарды тек имамдар білуі керек деп қате ойлап келіппін (
115 голосов


Асығыстық -- шайтаннан

Ардақты Елшіміз Мухәммәд солЛялЛаһу ъәләйһи уә сәлЛәм асығудың шайтанға тән ерекшеліктердің бірі екенін нақты ескертіп : " Байыптылық -- Раббыдан, асығыстық -- шайтаннан" деп, біздерге сақ болуға кеңес еткен

📜 Тирмизи. Бирр, 66
تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny


Өміріңе Раббыңды неге аз қатыстырасың?

« Уа, Мухәммәд! Егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса, Мен оларға өте жақынмын. Маған жалбарынып, дұға еткеннің дұғасын жауапсыз қалдырмаймын »

📜 Қасиетті Құран. Бәқара сүресі, 186-шы аят

Егер дұғаңыз орындалмаса, оған бірнеше себептер, Аллаһтың даналықтары бар. Ол жайлы кейінірек ақпарат беріледі
تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny


Репост из: sünnə | سُنَّة‎ tendency
Жамандықты ғана көретін шүкірсіз көз

Бізде қайта күн шықты. Айналаға қарап, Жаратушының көркем табиғатын тәфәккур етіп, қол жуып, салауат айтып отсам, субхәнаЛлаһ, мына гүлден нұр шығып тұр екен. Әрі өзі әдемі. Көз қуантады. Жасыл жапырақтар арасында сызылып тұр екен. Көлемі кішкентай ғана, бірақ маған көлемінен үлкен жағымды көңіл-күй сыйлады, ӘлхәмдулиЛләһ

Осындай әдеміліктерді көріп, бақытты бір ұрттауға болады. Аллаһтың жаратылыстарын көре алғанымыз қандай бақыт.. Көрмесек не болар еді?
Алайда, көзі көретін соқырлар да бар ғой.. Оларда Аллаһтың бірнеше нығметтері бар. Бірақ олар 100 жақсылық арасынан 3-4 жамандықты ғана көреді, ал жақсылықтарды жоқ . Бұл соқырлықтан да жаман. Себебі бұл -- шүкірсіздік пен тәкәппарлық, эгоизм, шайтанның арбауына алдану, үмітсіздік тұңғиығына бату

#жақсылық #нығмет #шүкірсіздік
https://t.me/sunnet_ielerine


«Нығметтер тоқтаусыз жауа берсін десең,  Аллаһқа мұқтаждығыңды да тоқтаусыз жаудыр».

📜  Рамадан әл-Бутый 《Аллаһ рақымына бөлесін, әмин》

Аллаһ Өзіне мұқтаж құлдарын жақсы көреді...
تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny


Жүректі дүниеліктен тазарту жолдары 1

Аллаһ елшісі Мухәммәд солЛялЛаһу ъәләйһи уә сәлЛәм : "Темірді тот басқаны секілді, жүректерді де тот басады. Оны тазарту жолы -- Құран оқу мен өлімді еске алу"

📜 Хадис: Имам Байһақи, Ибн Нуъәйм
https://t.me/sauaptar_korjyny

Показано 20 последних публикаций.