ойланшы болған соңғы оқиғалардың арасында халық өз-өзіне көмек беріп қана қимылдап бастады деген сөз болмайды да ертең, “мемлекет тез реакция білдіріп, аз уақытты дұрыс шешім шығарып, «ҚХ»қорынан осынша бөліп береміз деді”, дейтін абзацтарды халық боп өмір сүрсек сенің ұрпағың солай оқып отыратын болады, сенің басыңнан өткен тарихты.
ауыр ғой, қазақ үшін тағы бір ауыр тарих жазылып келе жатыр. шын болған нәрселер жаңа қазақстанның тарихына анық жазылатынына сенбеймін. бәріне “жаңа” деп сорлы халықтың көзінше ат беріп қойған билік, кейін де оны “жаңадан” жаза салатын болады.
Дана, не деген негативті ойлар деп өзіме таңғалып жатырмын, бірақ позитивке бір тамшы үміт қазір қалмады ешкімде. төменге түсіп бара жатқанымызды көріп тұрып, елемеу, басында не бір ойы жоқ, бар “жағдайы”, “күйі”тасқын лас, лай, батпақ, қара сумен шайылып кеткен, басын қайда бұрса, сол жаққа салбырап, көш ауа беретін, не түрі, не әлі, не сау ойы қалмаған халықпыз біз.
ештеңеге сенімнің қалмай бара жатқанынан, өзі әрең сүйретілген халық тек басын дінге ұратынына қынжылам, сау, саналы бас болса, барып ешқайда ұрылмайды ғой. әрине, ешкімнің сеніміне, “құлшылығына” тиіскім келмейді, бірақ әркімнің сенімі - өзі үшін, сенім жарияланбау керек, сенімді үгіттеп, ми мен ойды ауыстырмау керек, сенім бір-бірін біріне-бірі қарсы қою үшін емес, “басымен кірді” деген сөз тіркесі осы үшін қолданылуы керек, меніңше.