Біртүрлі өнер
Халыққа ұнар, жарыққа шығар өлеңім!
Жанары нұрлы, жүрегі мұңды мен едім.
Құралым сымнан, шабытым жырдан құралған,
Оқыған жанға әйтеуір бір ой беремін!
Өмірім тыныш, өлеңім жұмыс болса егер,
Көңілде бар күй, көкейге күл боп толса егер.
Ессіз боп жүріп, еңсесін биік ұстаған,
Есті адам – мына өмірде нағыз сол шебер!
Қарайған күнге, сарғайған түні сығалап,
Отырам мұнда күйреген жанды қудалап.
Оқырман сен де, жылап ал кейде өкіріп,
Жылауық менен жылауық саған ұлағат.
Біреуге ұнар, ал біреу сынар өлеңді,
Бұл жолғы өлең, үтірге толы, көлемді.
Бастысы өмір үтірге толып жүрмесін,
Аяқтап жырды, сезімге жеңіл бөлендім!
02:05-02:52 28.10.24
Халыққа ұнар, жарыққа шығар өлеңім!
Жанары нұрлы, жүрегі мұңды мен едім.
Құралым сымнан, шабытым жырдан құралған,
Оқыған жанға әйтеуір бір ой беремін!
Өмірім тыныш, өлеңім жұмыс болса егер,
Көңілде бар күй, көкейге күл боп толса егер.
Ессіз боп жүріп, еңсесін биік ұстаған,
Есті адам – мына өмірде нағыз сол шебер!
Қарайған күнге, сарғайған түні сығалап,
Отырам мұнда күйреген жанды қудалап.
Оқырман сен де, жылап ал кейде өкіріп,
Жылауық менен жылауық саған ұлағат.
Біреуге ұнар, ал біреу сынар өлеңді,
Бұл жолғы өлең, үтірге толы, көлемді.
Бастысы өмір үтірге толып жүрмесін,
Аяқтап жырды, сезімге жеңіл бөлендім!
02:05-02:52 28.10.24