Мен де бір, үрген ит те бір. Суық сана? Жо-жоқ. Менің санам тәнімдегі ең ыстық бөлік. Сезімталдықтан әлі де зардап шегіп жүрмін. Бұл басқаруға келмейтін процесс мені өлтірді. Жүрегім қатты ауырып жатыр. Ем тауып, емделіп, жақсарып кете аламын ба екен? Рухым күйреп, тәнім солып жатыр. Сыртым бүтін болғанмен, ішім өліп қалыпты дейсің сен. Ал менің өлі күйім бетімде субтитр болып тұр деймін мен. Қатты шаршадым. Өзгеруге күш салу мағынасын жоғалтып алды. Тірі кезімде осы, өлсем бәрі өзгеріссіз қалып қояды.
Сәттерден ләззат аламын деп жүретінмін, қазір ештеңе қызық емес.
Барынша тырысатынмын, ал енді қалған қасық қанымды өз қолыммен төктім.
Ішімдегі көбелектер тыпыршып, шаттықтан ләззат алатын, ал қазір олардың сасыған иісі ғана шығады.
Қызық іздеп қылқынатынмын, қазір қарайған қаным, одан сайын қараюын күтіп тұр.
Тәнімдегі орган атаулы мені тіршілік ету үшін емес, өмір сүру үшін қолдайтын, қазір олар да маған қарсы әрекет етіп, жұмыс жасауын доғарды.
Әлі ерте дейтінмін, қазір тым кеш екенін айқын көріп тұрмын.
Тырыса беретінмін, қазір беріліп қойғанымды аңғардым.
Өлілер тірі болуды армандай алмайды, ал мен, тірі адам, өлуді армандаймын.
Бұл соңы шығар мүмкін, бірақ мен тіпті қорықпаймын да..
Адамзат өліммен бетпе-бет келгенде, одан өлердей қорқушы еді, ал мен міз бақпаймын.
Ештеңе таңқалдырмайды, тек шынымен соңы екені таңқалдырады.
Шығармашылық та ұнамайды, ләззат алмағалы қай заман.
Осыншалықты әлсіз боламын деп мүлдем ойламаппын..