Біздікілер бірдеңе жасаса шегіне жеткңзіп, адамның не құсқысын, не тышқысын келтіретіні нес? Кешелі-бүгін Қайрат Нұртас бар, үйленіп жатқан жастар түскен ролик бар, опшым референдум жайлы типа PR видеоны біразіміз көрдік. Осының барлығын саралай келе АЭС туралы қысқа ролик сценариін сатам деп шештім. Бағасы жайлы жекеде сөйлесеміз. Қолымнан келетіндігін көрсету үшін бірінші сценарийді тегін ұсынам.
Ауыл. Спецовка киген бір жігіт өмірден түңіліп, өлмекке бекінеді. Секіріп өлуге биік ғимарат жоқ. Ойлана келе трансформаторға тоққа түспек болады. Жетіп барып, қос қолымен трансформатордың өкпе-бауырын шаша бастайды. Сөйтсе, қырсыққанда ауылда свет сөніп қалыпты. Шымылдық. “АЭС болмаса әр ауылда свет жиі сөнетін болады”, деген титрмен аяқтаймыз.