SHRAZADDIN LIVE


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Каниязов Шразаддиннің телеграм каналы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Көбі бұл қандай кітап деп сұраған екен.

Жүректі қатайтатын авторлардың қатарына Эмиль Золя, Акутагава, Камю, Мопассан сияқты авторларды қосар едім.

Оларды оқу керек бірақ бірінші олардан бастамаған абзал.

Әсіресе тек соларды оқымаған абзал.

Әйтпесе жүрек қарапайым сезім мен құндылықтардан жирене бастайды. Жақсылықтан сарказм, жамандықтан әділдік көреді.


Осы уақытқа дейін қаншама танымал адаммен таныс тұрып, біліс болдым.

Бірақ олардың ішінде өз
хайпына да, хейтіне де лайық ешкімді көрмедім.

Ешкім біз ойлағандай жақсы емес,
Ешкім біз ойлағандай жаман емес.


Жас күнде жүректі қатайтатын кітаптардан сақ бол


Жаз, сағынғаныңды жаз, сабырың сарқып,
Біз күткен шақты жаз маған.
Алау еріннің жалыны шарпып,
Үздіккен шақты жаз маған.
 
Жаз, торыққаныңды, қорыққаныңды,
Жалғыз қап шулы қалада,
Бекер-ақ қайта жолыққанымды,
Талай жыл салып араға.
 
Жаз, жалт етіп тағы жоқ болғанымды,
Бейуақ көрген түсіңдей.
Жаз, кетпеші деуге оқталғаныңды,
Түсініп тұрып түсінбей.
 
Егілсең, егіл теңселе барып,
Еңлігің менмін құлаған.
Жылаған да жөн, болса егер анық,
Жасыңды сүртер бір адам.
 
Көңілді бойлап хаттар аққанда,
Қою түндерге үңілем.
Жауап жазайын ақ парақтарға
Қара көзімнің нұрымен.
 
О, бәлкім, ұзақ келмейді хатым,
Оралам бірақ, сене гөр.
Жолаушы шығып өлмейді ақын,
Жоқ қарап жүріп өледі ол.

Есенғали Раушанов


Маған дайректке жазатын адамдардың ішінде өспейтін, өзгермейтін адамдар тобын бірден байқамаймын.

Олар көп сұрақ қояды.

Мәселен,

Ол: Дамығым келеді қандай кеңес бересіз?
Мен: Кітап оқыңыз
Ол: Қандай кітап оқимын?
Мен: Салаңыз немесе проблемаңызға қатысты

Ол:

Бірден бірнешеуін оқиын ба әлде кезек-кезек пе?

Қағаз күйінде оқиын ба, электронды нұсқасын оқиын ба?

Оқыған соң қанша күнде нәтиже аламын?

Оқысам нәтиже алатыныма гарантия бересіз бе?

Осындай шексіз сұрақтар.

Бақара сүресінде сиырды құрбандыққа шалғысы келмегендер өтірік сұрақ қоя береді. Өзгергісі келмейтін адам да солай.


Сізді мақтайтын адамнан да, сізге өтірік айтатын адамнан да қашыңыз. Өйткені ол екеуіне сенген кезде опық жеп қаласыз.


Бүгін 24 жасқа толып отырмын.

Аллаға мың да бір шүкір.

4.6k 0 3 19 197

Басы төмен салбырап жүретін жігіттерді көрсем жыным келеді.

Алға нық қадам басудың орнына мыңқ-мыңқ етіп бір орында тұрады.

Кез келген қиындықты еңсеруге болады. Әр еңсерілген қиындық күш береді.

Дальше больше…

Мен өмірімді мүмкін емес дегенді көп істедім. Алланың қалауымен алда талай істеймін деп сенемін.

Сондықтан өзіңе сенімді болшы, айналайын. Әйтпесе отписка жаса, босқа маған қарап жүрегің ауырмасын.


Алматы бүгін жаңбырлы. Ал мен кофе ішуге шықтым. Адам оңаша қалып, оқшау ойланғанда ғана өседі.


Қазір графигім өте тығыз боп жүр. Екі үлкен жобам бар:

1. Сенімділік туралы кітап

2. Романтикалық көркем шығарма

Екеуі де бомба болары сөзсіз. Бұйырса.


Сіздермен бір кездесу өткізуіміз керек еді. Бірақ мамыр немесе қыркүйек айын таңдаймыз.

Сонымен қатар 1-маусым Ақтауда, ал 3-маусым Атырауда Kitapal дүкенінің ашылуында боламыз.


Сатылымның соңғы сағатына үлгеріңіз!


Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ,
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-саулық ойда жоқ әуел баста-ақ.

Абай


Қазір, сенімділік туралы кітабымды жазып жатырмын. Бірақ болашақта көркем шығарма жазғым келеді.

Ол өте ме екен?🤔




⁃ Шіркін, бұлттан бір дәм татсам ғой.
⁃ Оның дәмі өзіңе ұнайтынын қайдан білесің?
⁃ Дәмді нәрсенің бәрі ең төбеде тұрмаушы ма еді.


Уақыт бүкілі үшін бірдей өтеді. Бірақ әркім оны әрқалай өткізеді.


Мен адам армандағанының бәріне жетеді дегенге
сенемін. Өз
өмірім арқылы сол нәрсені дәлелдесем деймін.

Алла жазған жылдар бойы сізге шабыт беріп өтемін.


Шіркін, сенің жүрегің нұрдан болса,
Күнмен бірге көгімде тұрған болса,
«Тәңірден соң бір саған аманат» деп,
Көңіліме көңілің кұрбан болса.

Шіркін, сенің жүрегің гүлден болса,
Гүл күлгенде, ол бірге күлген болса,
Қызыл-жасыл дүние қызығына,
Құрғыр көңіл қана алмай жүрген болса.

Шіркін, сенің жүрегің мұнар болса,
Сол мұнарға сенімім шығар болса,
Қалау, аңсар, үміт те, жанымыз да,
Бір ойға ұйып, бір сөзге тұнар болса.

Шіркін, сенің жүрегің менде болса,
Сезімге бай, секемге кенде болса,
Ғұмыр бойы сырыңа сырым бойлап,
Қанша қазсам сарқылмас көмбе болса. 

Шіркін, сенің жүрегің қалам болса,
Жазар едім дүние жаңарғанша,
Жазар едім дүние тазарғанша, 
Шіркін, сенің жүрегің... амал қанша. 


Ерлан Жүніс


“Фокус” кітабын Kaspi-ден 24 айға дейін бөліп төлеуге ала аласыз🤗👍

Показано 20 последних публикаций.

677

подписчиков
Статистика канала