Мен дінге қалай келдім?
Тозақпен қорқыту арқылы. Бәлкім бұл есейгенде іштей қарсылықтың туындауына әкелген шығар деп ойлаймын.
Жеті сегізінші сыныпта үлкен әпкемнің бірі сразу оранып кетті.
Сол кісі ауылға келгенде маған дін туралы айтатын еді. Өте радикалды жолмен. Видеолар қосатын.
Бәрі күнә жасау және тозақ туралы болатын. Лаулаған отта қалай шыңғырып жанатының туралы, табаныңа шоқ қойса миың бұрқылдап қайнайтыны туралы еді.
Саралау білмейтін психологиялық күйіме қатты сынақ болды. Мен үшін дін шектеулерден және тозақтан тұратын.
Дарын Мубаровты, Смановты тыдап жүрдім. Сол бағытта кітаптар оқыдым.
Мектеп бітіріп ортам өзгерді. Діни көзқарасым сай келмейтін мұсылмандармен кезіктім. Бір дінде бірақ екі түрлі ойлаулар. Тозақ, негізсіз қиялы уағыдар, монипулятор молдалар бәрі мені діннен шығуға алып келді.
Солай атеистке айналдым. Бәлки бірнеше жыл.
Кейін суық ақылмен өз Құдайымды таптым. Ол бала күнгі Құдайым сияқты диктатор, самовлюбленный емес.
Мен Құдаймен саудаласпаймын, осыны істедім неше сауап жаздың деп сұрамаймын.
Мені мақта тек бас ұрып жалбарына бер демейді. Мен бармын, әрекетіңе қарай беремін, әлемді таны, ойлан дейді. Ойлансаң мен бармын дейді.
Құдай қорқынышты болмауы керек деп ойлаймын.
Қорқынышпен сүю шын махаббат па?!