Соққы және гол!


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Начо Фернандес жазда «Реалдан» кетеді

🇪🇸 Начо – «Реалдың» түлегі. 11 жасында академияға келіп, 2011 жылы негізгі команда сапындағы алғашқы матчын өткізген.

🔥Жалпы «Реал» жейдесіндегі 335 ойында 16 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

🇮🇹 «Интер» жазда 34 жастағы қорғаушыны еркін агент ретінде қатарға қосуды қалап отыр.

🤔 Бірақ Начо Еуропадан бөлек елдердің ұсынысын да қарастыруға дайын екен.


😍 Бүгінгі ойындар тізімі

🇰🇿 ҚПЛ. 5-тур:
14:00. Жеңіс – Тұран
14:00. Қайсар – Атырау
16:30. Ордабасы – Қызылжар
19:00. Қайрат – Ақтөбе

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Англия кубогы. 1/2 финал:
21:15. Ман Сити – Челси

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ. 34-тур:
19:00. Лутон Таун – Брентфорд
19:00. Шеффилд Ю – Бернли
20:30. Вулверхэмптон – Арсенал

🇩🇪 Бундеслига. 30-тур:
18:30. Дармштадт 98 – Кельн
18:30. Вольфсбург – Бохум
18:30. Хайденхайм – РБ Лейпциг
18:30. Хоффенхайм – Боруссия М
21:30. Унион – Бавария

🇪🇸 Ла Лига. 32-тур:
17:00. Сельта – Лас-Пальмас
19:15. Райл Вальекано – Осасуна
21:30. Валенсия – Бетис
00:00. Жирона – Кадис

🇮🇹 Серия А. 33-тур:
21:00. Эмполи – Наполи
23:45. Верона – Удинезе

🇫🇷 Лига 1. 30-тур:
20:00. Нант – Ренн
00:00. Ланс – Клермон

🇹🇷 Суперлига. 32-тур:
21:00. Самсунспор – Адана Демирспор

🇸🇦 Про-лига. 28-тур:
23:00. Әл-Хазм – Әл-Иттихад
23:00. Әл-Иттифак – Әл-Вехда

⚽️ РПЛ. 25-тур:
21:30. ЦСКА – Ахмат

🇮🇱 Суперлига. 28-тур:
22:00. Маккаби Хайфа – Хапоэль БШ.


🔥 Бүкіл әлем көретін матчқа талдау жасадық 😍

Реал Мадрид - Барселона / Милан - Интер
ойындарына превью!

https://youtu.be/JcOkIwtFN7c?feature=shared

🇪🇸🇪🇸 Әлемдегі ең таудалы матч, осы маусымдағы соңғы Эль-Класикоға болжам жасадық!


Хуммельс АПЛ клубтарын мазақтап, хейтерлерге жауап қатты

🇩🇪 «Боруссия Д» қорғаушысы твиттердегі парақшасына мынадай жазба жариялады:

«Осы аптадағы өнім мол болды, фермер-әріптестер 🤝 🇩🇪».


🗣️Матс Хуммельс Бундеслиганы «фермерлер лигасы» деген англиялықтарға осылай жауап берді.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ клубтарының барлығы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан ұшып кеткен еді.


⚽️ Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздіктері белгілі болды

🇫🇷 Ширек финал аясында өткен «Барселонаға» қарсы қарымта ойында (4:1) бір гол соққан Осман Дембеле үздік ойыншы деп танылды.

1️⃣ Осман Дембеле ⚽️
2️⃣ Юлиан Брандт ⚽️
3️⃣ Йозуа Киммих ⚽️
4️⃣ Федерико Вальверде

🇩🇪 Ал аптаның үздік голының авторы Иан Матсен атанды. «Боруссия Д» ойыншысы «Атлетикоға» қарсы матчта (4:2) мергендігімен көзге түсті.

1️⃣ Иан Матсен
2️⃣ Никлас Фюллькруг
3️⃣ Витинья
4️⃣ Йозуа Киммих.


Бундеслига немесе АПЛ…

⚽️ Бүгін жазғанымыздай, Чемпиондар лигасының келер маусымына Италиядан 100% бес клуб қатысады. Тіпті алтау болып кетуі де мүмкін.

🤔 Ал екінші осындай мүмкіндік Германия мен Англияның біріне бұйырады.

🇩🇪 Екеуінен Бундеслиганың мүмкіндігі өтеее жоғары – 98.8%. Ал АПЛ адам сенгісіз нәтижелер тіркелсе ғана бесінші жолдамаға қол жеткізеді.

🤯 Ол үшін Германияның үш клубы («Бавария», «Боруссия Д», «Байер») да жартылай финалдан ұшып кетіп, «Астон Вилла» КЛ чемпионы атану керек. Мүмкін емес, бірақ факт.


Репост из: Freedom QJ League
❗️Матчтардың жаңа басталу уақыты

Ойындар Шымкент қаласындағы БИІК спорт кешенінде өтеді.

Қалған матчтар жоспарланған уақытта өткізіледі.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Репост из: Freedom QJ League
❗️Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығымен 20 және 21 сәуірге жоспарланған U18 және U17 жас санаттарындағы «Тараз» және «Астана» жасөспірімдер командалары арасындағы Freedom QJ League бірінші турының матчтары өтпейтін болды.

Екі ойын да 20 сәуір күні Шымкент қаласында өтеді. Қосымша ақпаратты біздің ресми ресурстарымызда жариялайтын боламыз.

Сатып алынған офлайн билеттерді қайтару стадионның кассасында (жұмыс уақыты бүгін 16:00-19:00, ертең 8:00-19:00), онлайн сатып алынған билеттердің ақшасын қайтару Ticketon веб-сайтында жүзеге асырылады.

Лигаға тәуелді емес себептермен келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

❗️По приказу Министерства туризма и спорта Республики Казахстан, матчи первого тура Freedom QJ League между юношескими командами «Тараз» и «Астана» в возрастных категориях U18 и U17 запланированные на 20 и 21 апреля отменены.

Обе игры состоятся 20 апреля в городе Шымкент. За более подробной информацией следите на наших официальных ресурсах.

Возврат средств за приобретенные офлайн-билеты будет осуществляться на кассах стадиона (режим работы сегодня с 16:00-19:00, завтра 8:00-19:00), онлайн билетов на сайте Ticketon.

Приносим свои извинения за причиненные неудобства по независящим от Лиги причинам!


🇪🇸 «Барсаның» «Камп Ноуға» қашан оралатыны белгілі болды

🗞️ Испаниялық БАҚ хабарлауынша, «Барселона» күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан стадионындағы алғашқы ойынды 15 желтоқсан күні өткізуді жоспарлап отыр.

🏟 Бірақ жалпы сыйымдылықтың (105 000) тек 60 пайызын (63 000) толтыруға ғана мүмкіндік беріледі.


Англиядан келер маусымда чемпиондар Лигасына 4 клуб шығады

Германия мен Италия кемі 5 клубтан қосады.


Юлиан Нагельсманн «Баварияға» оралмайды

🇩🇪 Германия құрамасы мен 36 жастағы маман келісімшартты 2026 жылға дейін ұзартты.

🇩🇪 Осылайша «неміс мәшинесін» алдағы Еуропа чемпионаты мен Әлем чемпионатында Юлиан тізгіндейді.


🎁 LEGALBET-ТЕН КЕРЕМЕТ СЫЙЛЫҚТАР ҰТЫСЫ!

Қатысу үшін:

Осыған басып, тіркеліңіздер;

✅ Қатысу пернесіне басыңыздар;

🥇 1 орын — PlayStation 5;

🥈 2-3 орындар — «Реал» және «Барселона» командаларының жейделері (таңдау бойынша);

Жеткізу тек Қазақстан бойынша. Кездейсоқ жеңімпаздар мамырдың 19-ы анықталады.

Барлықтарыңызға сәттілік!


Англиядан тек бір клуб қалды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Тоғыз жылда алғаш рет Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жартылай финалына АПЛ клубы шықпай қалды.

Соңғы рет мұндай масқара 2014/15 жылғы маусымда тіркелген екен.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Енді еурокубокта Англияның намысын қорғайтын Конференция лигасындағы «Астон Вилла» ғана қалды:

❌ Ньюкасл
❌ Манчестер Юнайтед
❌ Брайтон
❌ Манчестер Сити
❌ Арсенал
❌ Ливерпуль
❌ Вест Хэм
✅ Астон Вилла.

13.8k 1 8 154 602

Репост из: Спорт жаңалықтары
Ринат Заитов құраманың бас бапкерін ауыстыру керек дейді

«Футбол жанкүйері ретінде өтінішім бар. Құраманың бас бапкеріне көз тиген бе, бірдеңе… «Ахматта» жеті гол өткізеді, бізде де бес гол өткізеді. Осы кісінің (Магомед Адиев) біліктілігі жайлы көтеріп, ауыстыру керек сияқты», – деді мәжіліс депутаты.


🇰🇿 Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылы тізгіндеген еді. Қазір «Ахмат» клубымен қатар алып жүр.

@sportqazaq


🇮🇹«Рома» қатарынан төртінші рет еурокубоктың 1/2 финалына шықты

▪️2020/21 – ЕЛ (1/2 финал)
▪️2021/22 – КЛ (чемпион)
▪️2022/23 – ЕЛ (финалист)
▪️2023/24 – ЕЛ (1/2 финал) 🆕

🇮🇹 Италияның клубтарынан соңғы рет 1994/95 – 1998/99 жылғы маусым аралығында «Ювентус» қатарынан төрт рет еурокубок жартылай финалына шыққан екен.


«Аталанта» тарихында алғаш рет еурокубоктың жартылай финалына шықты

🇮🇹Бергамоның клубы Еуропа лигасының ширек финалдағы қос матч (3:0, 0:1) қорытындысы бойынша «Ливерпульден» басым түсті.

⚽️ 1/2 финалда «Марсельмен» күш сынасады.


🔥 «Байер» «Ювентустың» рекордын бұзды

🇩🇪 Леверкузеннің клубы барлық турнирде 44 матч (38 жеңіс, 6 тең ойын) бойы жеңілмей келеді.

🇮🇹Осылайша 2011/12 маусымда топ-5 лига клубтарынан рекорд қойған «Ювентустың» нәтижесін (43 матч) жаңартты.

1️⃣ Байер – 44 матч 🆕
2️⃣ Ювентус – 43 (2011/12)
3️⃣ Милан – 42 (1992/93)
4️⃣ Реал Мадрид – 40 (2016/17)
5️⃣ Барселона – 39 (2015/16)
5️⃣ Интер – 39 (2006/07).


ЧЛ келер маусымына кемі бес Италияның клубы қатысады

⚽️ Чемпиондар лигасында келесі маусымынан бастап 36 клуб бақ сынайтынын білесіңдер. Соған байланысты рейтингте көш бастап тұрған екі лигаға қосымша бір-бір жолдамадан беріледі.

🇮🇹Соның бірі Италия чемпионаты атанды. Егер Еуропа лигасында «Рома» мен «Аталантаның» бірі топ жарып, А Сериясында 5-ші орыннан төмен тұрақтаса, Италиядан Чемпиондар лигасына алты клуб қатысады.

🔥Қазір 36 жолдама осылай үлестірілген:

⚽️ ЧЛ-2023/24 чемпионы
⚽️ ЕЛ-2023/24 чемпионы
🇮🇹 Италия – 5 клуб
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Англия – 4
🇪🇸 Испания – 4
🇩🇪 Германия – 4
🇫🇷 Франция – 3
🇳🇱 Нидерланд – 2
🇵🇹 Португалия – 1
🇧🇪 Бельгия – 1
🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия – 1
🇦🇹 Австрия – 1
▪️Қосымша тікелей жолдама – 1
▪️Іріктеу кезеңі арқылы – 7.

🤔 Қосымша соңғы жолдамаға Бундеслига мен АПЛ үміткер болып тұр.

Показано 20 последних публикаций.