⚡️ Қазақстандық танымал дзюдошы мансабын аяқтады
🇰🇿 Отандық танымал дзюдошы Жансай Смағұлов ресми түрде карьерасын аяқтады. Спортшы екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионатына қатысқан жоқ.
🥋32 жастағы дзюдошы жаттықтырушылық қызмет атқармақ. Ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, қарағандылық балуанның жарақаты болып, соны емдеткен.
🔖 Соңғы рет Жансай наурыз айында Аустрияның Линц қаласында өткен әлемдік гран-приге қатысқан. Сол кезде мексикалық Улисес Мендесті жеңген соң, жарақатына байланысты келесі айналымда күресе алмады.
🏆 Жансай Смағұлов – Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келген. Екі рет Олимпиада ойындарына қатысқан (Рио, Токио). Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Үш рет әлемдік гран-приде топ жарған.
t.me/sportzhaily