⚡️ӘЙТЕНОВ VS ӘТЕШОВА
📍Тағы бір даудың басы қылтиды. Қылтиғалы біраз болды «жалдамалы» сайттар мен телеграм каналдар былтырдан бері түрлі “дәмдеуіштер” қосып алғышартын жасап, бықсытып келеді.
📍Өртті тұтандырып, отқа айналдырып алған соң жан-жақтан үрлей бастады. Әке мен шешені қойшы — беттері бес елі, терілері қалың, «жанатын» — балалары...
📍Заң шыққалы да әйелдер қауымы мен еркектер қауымы арасына үлкен «сызат» түскендей. Бітіспес соғыс ашық майданға айналып бара жатқандай.
📍Әйтеновты «піштіру» керек деп білек сыбанған қоғам, кешегі біраз видеодан кейін Әтешованы ат құйрығына байлайық деп «қылыштарын» жалаңдатты.
📍Бүгін айқай-шумен бұрынғы байын бес күнге қаматқан Әтешованың өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Заңда “жыныс” жоқ, ұлт жоқ.
📍Әлеуметтік желілер мен саржағал сайттар қоғамдық пікірді қозғап, қоғамдық пікір үкім шығаруға ықпал ететін құралға айналмауы керек. Шешім әділдік негізінде шығып, соңғы үкімді тура билер айтуы тиіс.
📍Құқықтық мәдениет қалыптасқанша талай бас жарылып, көз шығар. Ешкім ешкімнің жанын жемей, айқай-шусыз, мүлікті тартыссыз бөлісетін уақытқа жеткенше қос тараптың бір-біріне жаппаған жаласы, жақпаған күйесі қалмас... Бірақ, балалар екі ессіздің ермегі мен қоғамның мазағына айналмауы тиіс...
Пікір иесі: Ержан Төлек