СағынышСағыныш, сағыныш-ай, сағынышым,
Кеттің бе, ұшып сен де сағым-құсым?
Өмірімде қайта жанар жалынбысың,
Әлде жырақ мәңгі кетер сағымбысың?
Қалайша болады сені сағынбауға,
Өз жүрегім өзіме бағынбауда.
Әттең, біздің арамызда жолдар жатыр,
Мүмкіндік жоқ сені көріп, жалындауға.
Қалай ғана тұншықпайын сағыныштан,
Сен десе мендік жүрек алып-ұшқан.
Сенің көзің мөлдір бір су секілді,
Басатын әркез мендік жарылыстан.
Иә, білем, сен де мені сағынасың,
Жылайсың, жалғыздықтан жалығасың.
Түгі жоқ болашақты көресің де,
Амалсыздан мен секілді бағынасың.
Көздеріңнен мөлдір тамшы жас тамбасын,
Бұл сезімді аяқтайық басталғасын.
Қош бол енді, мына менің сағынышым,
Сендік көңіл сағынышпен ластанбасын.