tagylym


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


"Раббым ілімімді арттыр"
НМУ студенті
Кері байланыс: @Tagylym_bot
Аудио-подкаст: @podcast_123

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций






Пайғамбарымызға ﷺ түскен Құранды, оған түскен Құран секілді емес, саған түсіп жатқан секілді оқы.


Қандай да бір қиындық келіп, дұға еткен соң да, қиындық кетпей жатса, әлі дұға ету уақыты бітпеді деп түсініңіз.


Хасад - кәпірдің жасамайтын ісін жасатады. Мысалы Хз. Юсуфтың туған бауырлары оған жасаған қастандығы секілді.

***

وَمِن شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ

...сондай-ақ күндеген кездегі күншілдердің кесірінен (сақтай көр деп сиынамын).

Фалақ сүресі: 5-аят






Репост из: Абдрашит Түлкібай
Дети получившие одинаковое воспитание, почему разные?

- Каждый ребенок рождается в новой семье (новая стадия семьи и уже трансформированные родители)

Поэтому дети не получают одинаковое воспитание


Барлығы менің ойлаған дініммен жүруі шарт емес.

Біздің проблема - біз өзіміздің түсінген дінімізбен жүреміз да, сонымен біреуді мәжбүрлейміз.

Дінді терең түсіну өте маңызды.

Ұстаз Қайрат Құрманбаев


“Юсуфтың сұлулығын көріп саусағын кескен әйелдер, егер менің Мырзамның сұлулығын көргенде, пышақтарын қолына емес жүректеріне сұғатын еді”.

Айша анамыздың айтқан сөзі.


Латаиф Раббани - бұл рухани ағзалар.

Оны түсіну үшін тәніміздегі ағзалардың мысалымен түсініп көрейік. Біз тұмауратқан кезде мұрнымыз иіс сезби қалады, яғни өзінің жұмысын дұрыс атқармайды, бұл тәнімізге келген аурудың әсері.

Ал енді рухымызға келген аурулар, күнәлар, біздің рухани ағзаларымыздың, латаифтарымыздың дұрыс жұмыс істемеуіне алып келеді. Яғни айналамыздағы жағдайлардың хикметтерін көрмеуге алып келеді.


سُبْحَانَ مَنْ جَعَلَ عِلْمَ خَزَائِنِهِ بَيْنَ الْكَافِ وَالنُّونِ.

“Ілім қазыналарын Кәф пен Нун әріптерінің арасына жасырып қойған Алла барша кемшіліктен ада”.

Имам Мағруф әл-Кархидің уирді.


اللَّهُمَّ اجْعَلْنَا مِنْ عِبَادِكَ الْمُخْلِصِينَ الْمُخْلَصِينَ الْمُلْهَمِينَ.

"Уа, Алла Тағалам, бізді мухлис, мухлас және илһамға бөленген құлдарыңнан ете көр!".

#дұға






"Саниғын сұңғатына қарап білесіз".

Отыз сегізінші қара сөз.

***

تَعرِفُ الصَّانِعَ مِنْ صَنعَتِهِ.

Саниғ - араб тілінен жасаушы, шебер деген мағына, Алла тағала меңзеліп тұр.
Сұңғат - Саниғтың туындысы, яғни жаратылыс.

Жаратылысқа қарап Жаратушыны танимыз.




Ең жаман жүйе - жүйесіздіктен жақсы.


Дүниеге ие бол,
Ол сенің иең болып кетпесін...


Гүл бақшасында жүрген адамның үстіне гүл иістері сіңеді.

Салихтардың мәжілісінде болғандардың да үстіне ол ізгі адамдардың берекеті мен руханияты сіңеді.

Уа иман келтіргендер! Аллаға қорқыңдар және ізгілермен бірге болыңдар. (Таубе, 119)

Показано 20 последних публикаций.