Қалай басқа істерге алаңдамауға болады?
Бүгін мен сіздерге бір әдіс ұсынбақпын. Егер сіз өзіңіз жасау керек істі кейінге қалдыра берсеңіз, ғаламторда мақсатсыз отыра берсеңіз, бір істі істеп жатып, басқа іске ойыңыз бөлініп кете беретін болса, бұл әдіс сіз үшін.
Кейде адам өзінің уақытын бос нәрсеге құртып жүргенін біледі, бірақ өз-өзіне ие бола алмайды. Өз-өзін басқарып, керек істі жасауға ерік-жігері жетпей жатады. Тоқтаусыз инстаграмда, ютубта және басқа әлеуметтік желілерде отыру, теледидар көру секілді істер барлығымызға таныс.
Не істеуге болады? Қағазға «Менің қазір істейін деп жатқан ісім мені мақсатыма жеткізеді ме?» деп жазып алып, үйіңіздің көрінетін жерлеріне, компьютеріңізге, қалтаңызға салып алыңыз. Сонда келесі жолы қажетсіз іс жасайын деп жатқан кезде қағаздағы жазуға көзіңіз түсіп, бірден ойыңызды жиып аласыз.
Бұл әдіс өте қарапайым, бірақ өте пайдалы. Қолданып көріңіз. Есімде сақтап аламын, жазып не қыламын деп ойламаңыз. Адам баласына ұмытшақтық тән. Қағазға жазып әрқашан көзге түсіп тұратын жерге жабыстырып қоймасаңыз, қалай тағы да интернет шарлап кеткеніңізді байқамай қаласыз.