TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
Талғат Ибрашевтың блогы

11 Apr 2018, 19:14

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

​​Әлеуметтік желі құдыреті.
Бұл адамдардың бір - бірімен байланыс жасау түрлерінің ішіндегі ең таңғажайып нәрсе. Әлеуметтік желілердің арқасында адамдар өзіне керек әлем жасай алады.

Өзіңіз байқап қараңыз, барлық адамдар әлеуметтік желіде толық өмір сүре алады. Дос жинауға болады, танысуға болады, кез-келген нәрсеге қатысты басқа адамдардың пікірін білуге болады. Тіпті кейбір адамдар әлеуметтік желіге басымен кіріп кеткен. Әр қадамын суретке түсіріп инстаграмға салу, жеген тамағымен мақтану, киген киімімен мақтану секілді нәрселерді күн сайын көріп жүрміз.

Әлеуметтік желінің тағы бір құдыреті - алысты жақындатуы. Сіз қай қалада тұрсаңыз да, қай елде тұрсаңыз да, кез-келген адаммен сөйлесе аласыз. Адамдар әлеуметтік желі арқылы өзінің басқаларға керек екенін түсінеді. Әлеуметтік желіні жасаушылар өте үлкен психологиялық құралдарды пайдаланады. Көп адамдар, шын өмірде өзі ойлағандай өмір сүре алмайды.

Ал әлеуметтік желі қандай адам болғыңыз келеді, сол адамның кейіпінде жүруге мүмкіндік береді. Шын өмірде айта алмаған ойларын, әлеуметтік желіде парақшасына жазып қоя алады. Ақылды болып көрінгісі келсе, ақылды посттар жазады, әдемі болып көрінгісі келсе, жақсы сурет салғаны жеткілікті. Оның үстіне қазір көп адамдар басқа адамдарды әлеуметтік желідегі парақшасына қарап бағалайды. Жас жігіттер қыздармен танысқысы келсе, желідегі суреттеріне қарайды.

Әлеуметтік желі адамның шын өмірде батылы жетпеген нәрселерді жасауына мүмкіндік береді. Өмірде айтуға батылыңыз жетпейтін сөздерді, әлеуметтік желі арқылы жазып жіберу әлдеқайда оңай.

Әлеуметтік желі дамымаса, төмен қарай құлдырамайды. Себебі ол адамдарға керек. Ал біз кәсіпкер болғандықтан, әлеуметтік желіге кәсіпкерлік тұрғысынан қарап көрейік.

Фейсбук, Вконтакте, Инстаграм секілді әлеуметтік желілер өте үлкен жарнама алаңы екенін барлығымыз білеміз. Қандай компания болмасын, барлығы әлеуметтік желі арқылы тауарларын сатуды жолға қойып жатыр. Оның барлығы бекер емес.

Басы істейтін адамдар баяғыда әлеуметтік желінің құдыретін түсініп, ешқандай сайт ашпай-ақ, күніне 1-2 пост жазып, көп адамдардың бір айлық табысын бір күнде тауып отыр. Неге вайнер, блогер секілді бұрын естіп көрмеген адамдар күн сайын көбейіп жатыр? Себебі, олар әлеуметтік желі арқылы пайда табудың көзін тапты.

Неге қазір инстаграмда магазиндер мен сатушылар көп? Себебі олар да, ақшаны күреп тауып жатыр. Ал біз тауарымызды ОЛХ-қа салып қойып, «бизнесім жүрмей жатыр» деп әлі жүрміз. Ұзын сөздің қысқасы, не әлеуметтік желі секілді ғаламат құралды пайдаланып бизнесімізді жасаймыз, не ары қарай көштің соңында қаламыз. Таңдау өзімізде.
👍 4
❤️
👎
Открыть комментарии

631 0 0
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot