Әлеуметтік желіде қалай ақша табуға болады?
Жалпы әлеуметтік желіде ақша табудың үлкен екі әдісі бар.
🔰1. Жарнама арқылы. Қысқаша айтар болсақ, сіз белгілі бір тақырыппен әлеуметтік желіде парақша ашып, сол парақшаға посттар салып, подписчиктер жинап, парақшаңызды дамыта бастайсыз. Көп подписчик жиналған соң, сіз әр түрлі тауарлар мен басқа парақшаларды жарнамалау арқылы ақша таба бастайсыз. Яғни, сіздің аудиторияңызға тауар сатқысы келетін кәсіпкер сізге оның тауары туралы пост шығарғаныңыз үшін ақша төлеуі мүмкін. Байқасаңыздар, әр түрлі көп подписчиктері бар парақшаларда бір нәрселердің жарнамалары шығып тұрады. Жұлдыздар әртүрлі киім дүкендерін, болмаса ресторандарды, қонақүйлерді жарнамалап жатады. Ол бекерден бекер емес. Жұлдыздар қай дүкенге барып киім алғанын айту арқылы сол дүкендерді жарнамалап жатыр. Ол үшін сол дүкен иелері жұлдыздарға жеңілдіктер жасауы мүмкін, ақша төлеуі мүмкін. Барлық блогерлер, вайнерлер, ОМТС секілді подписчиктері көп топтар жарнама арқылы ақша табады. 🔰2. Әлеуметтік желіні қосымша сату каналы ретінде пайдалану. Бұл әдісті кәсіпкерлер қолданады. Өзіңіздің бизнесіңізге жаңа клиенттер алып келу мақсатында, әлеуметтік желіде парақшалар ашып, сол парақшаларға сатып жатқан тауарыңыз жайлы, көрсететін қызмет түріне байланысты посттарды шығарып, адамдардың қызығушылығын оятып, жарнама жасай бастайсыз. Егер аккаунтыңызды жақсы жүргізе алсаңыз, көп ұзамай сіздің тауарыңызға қызығатын адамдар сізден сатып ала бастайды. Бұл әдістің тағы бір ерекшелігі, көп подписчик жинап, өте үлкен парақшаға айнала алсаңыз, бірінші әдісті де пайдаланып қосымша табыс тапсаңыз болады.