TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
Талғат Ибрашевтың блогы

15 Apr 2018, 07:22

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

​​Apple компаниясы.
Джобс өзінің тауарларын тек таңдаулылар ғана сатып алуға лайық тауар ретінде таныстырып, миллиондарға сатқан. Apple компаниясы: «біздің тауарларды тек өте талғампаз адамдар мен шын сапаны бағалай білетін адамдар ғана түсінеді» дейді. Әрине ондай сөзден кейін барлық адамдар бұл тауарларға құмартады.

Себебі барлық адам өзін жақсы көреді. Миының түбінде адам өзін ақылдымын, мен шын сапаны бағалай аламын, менің талғамым жақсы деп санайды. Сондықтан айфонның құдыреті, ол бірінші кезекте, адамның психологиясындағы сұраныстарға жауап береді.

Себебі адамдарға жай телефон керек емес. Адамдарға өзін ерекше сезінуге мүмкіндік беретін зат керек. Бұл тек Apple ге ғана қатысты емес. Барлық әлемдік брендтер осы қағиданы ұстанады.

Мысалы коланың орнына жай су іше салуға болады, бірақ адамдар зиян болса да, қарапайым пайдалы судан қымбат болса да, кола ішеді. Қымбат көліктің орнына, жанармайды аз жейтін қарапайым көлік мінсе де болады. Ұшаққа мінгенде бизнес класпен емес, қарапайым орында отырса да болады. Бірақ ешкім олай істемейді.

Себебі адам өзін ерекше сезінгісі келеді. Егер табысты бизнес жасағыңыз келсе, жақсы тауар жеткіліксіз. Сіз клиенттің психологиясын білу керексіз.

Мысалы сіз қазір хит болып жатқан блютуз қолғап сатасыз делік. Бұл қолғаптар арқылы телефонмен сөйлесуге болады. Сіздің дүкеніңізге адам келсе, ол адам неге келгенін білу керексіз. Ол жылы қолғап алуға келді ме, жоқ әлде көшеде қолғап арқылы сөйлесіп, айналасындағыларды таңқалдырғысы келеді ме? Сіз бірінші кезекте осыны біліп алу керексіз.

Қандай бизнеспен айналыссаңыз да, осы қағиданы ұмытпаңыз. Адамдарға сапалы тауар жеткіліксіз. Адамдарға өзін ерекше сезінуге мүмкіндік беретін зат керек.
👍 11
❤️ 1
👎
Открыть комментарии

127 0 0
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot