TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
Талғат Ибрашевтың блогы

27 Apr 2018, 11:55

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

Орамал тағудың пайдасы мен артықшылығы
Егер бұл жазбадан сəл нәрсе түсінсеңіз бізге үлкен Қуаныш болар еді.Барынша репост жасап қазіргі қарындастарымызға,апке сіңлілерімізге тек жақсы жолды көрсетейік жақсылар!

Ең әуелі хижабтың парыздығынан бұрын хижаб пен орамалдың парқын ажыратып алған жөн сияқты. «Хиджаб» – арабша сөз. Оның негізгі түбірі «хажәбә», яғни қазақшасы жасыру, жабу, жамылғыш деген мағыналарды береді. Хижабты қазақша орамал деп те атайды. Хижаб пен орамалдың негізгі ұғымы бір. Әйелдердің басын орамалмен жауып, әурет жерлерін бөгде адамдардан жасырып ұзын киім киюі – Алла Тағаланың бұйрығы.

Дінімізде әйелдердің беті, екі қолы (білезігіне дейін) мен екі аяғынан (тобығына дейін) басқа жерлері ұятты болып есептеледі. Сондықтан да, барлық әйел баласы ұятты саналған әуретті жерлерін киімімен жауып, бөгде ер кісілерге көрсетпей жүрудің шариғаттағы үкімі – парыз.

Оның парыздығына Қасиетті Құранның «Нұр» сүресіндегі 31-аят дәлел. Онда: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларын да (яғни, мойын, көкіректері ашық қалмасын) жабатындай етіп тақсын…»), – делінген.

Ал ата-бабаларымыз «ғұрпымызда орамал тағу жоқ» деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше, оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген.
👍 5
❤️
👎
Открыть комментарии

99 0 0
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot