TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
Талғат Ибрашевтың блогы

11 May 2018, 07:07

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

Үнемшілдік құпиялары

Жақында достарымның бірі шетелдегі оқуын аяқтап келіп, отбасын құрды. Той жасады, шағын үй салды. Өткенде көлік алды. Бұл қалай? Жас отбасы, жұмысқа тұрғаны жаңа. Сырттай бұл қалай дегенді ойлап жүруші едім, бір күні сұрап тындым. Досым магистратураны Германияда оқып келген.

Сол жақта оқып жүргенде зейнеттегі неміс қарияның үйін жалдап тұрыпты. Ақсақал ұзақ жыл қаржы саласында кеңесші болып жұмыс істесе керек. Сондықтан, екеуара әңгімеде қаржыны үнемдеу, табыс табу, қаражатты көбейту туралы жиі айтатын, кеңестерін жадыма сақтап алуға тырысатынмын, қазір пайдасы тиіп жатыр дейді. Соның арқасында, оқып жүріп табыс таптым. Ақсақалдың үйін көгалдандыру, тазалауы мойнымда болды. Демалыс күндері фермасына барып, көмектесетінмін. Нәтижесінде пәтерақыма, оқу шығындарыма төледім, қалған қаражатты үнемдеп, келген соң той жасап, көлік алып, үй салдым дейді. Ал, үнем жолдарын ақсақалдың кеңестерінен алдым дейді. Досым ұстанатын қағиданың бірі – 4 конверт ережесі екен. Менің ойымша кез-келген отбасыға бюджетті тиімді жүргізіп, артық шығынға ұшырамауға мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. «Қаржы мәдениеті» айдарының оқырмандары үшін толығырақ баяндап беруді сұрадым.

1) Ай сайынғы жалпы кірісім: 200 000 теңге.

2) Кірістің 10%-ын болашақтағы қаржылық мақсаттарым үшін сақтап қоямын. 200 000 теңгенің 10% алып тастаймыз = 20 000 теңге.

3) Айлық міндетті шығындарға (интернет, жарық, жылу, телефон т.б) 25 000 теңге. Осы мөлшерден асырмауға тырысамын.

4) 45000 теңге автонесие төлеймін.

5) Шығындарды төлеген соң қолында 110 000 теңге қалды. Бұл соманы теңдей қылып 4 конвертке 27500 теңгеден бөлемін. Әрқайсысы 1 апталық бюджет. Енді 1 апталық шығындарды 27500 теңгеден асырмауға тырысуым қажет. Әрине біз үшін бұл тым аз қаражат. Туған-туыстың қуаныш, қайғысы, той, өлім шығынсыз болмайды. Осындай тосын жағдайларға арналған қаражатты қосымша жұмыстар арқылы табуға тырысамын.

Ал апталық шығынды барынша үнемдеймін. Ол үшін шығыстарымды жоспарлаймын. Шығыс дәптерін сатып алыңыз. Әр күнгі шығындарыңызды тиынына дейін жазып отырыңыз. Қазақы көзқараспен бұл «шық бермес шығайбайлық», сараңдық болып саналуы мүмкін. Бірақ, қалтаңызда тиын қалмай, әркімнен қарыз сұрап жүргеннен гөрі, осы дұрыс. Әрі мұны ең бай деген қалталылардың көпшілігі ұстанады. Психологтар болса шығыс есебін жүргізетіндердің шығындары аз болатынын айтады. Апта соңында шығыс журналына қарап – қаражатыңызды қайда кеткенін біле аласыз. Менің танысым «ақсақалдың айтуымен шығыс дәптерін жүргіще бастаған бірінші аптада шығындарыма қарап, ішім ашыды, көшеде кетіп бара шемішке, түрлі-түсті журналдар қысқасы болмайтын нәрселерді ала беріппін. Екінші аптада бәрін доғардым. Журналдағы ақпараттарды интернеттен-ақ оқи аламын, шемішкені шақпасам да болады».
👍 10
❤️
👎
Открыть комментарии

170 0 0
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot