TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
Талғат Ибрашевтың блогы

14 May 2018, 14:51

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

​​Ақшаны үнемдеу қағидалары

— Үйден дүкенге, базарға қарай шыққанда қажет заттардың тізімінсіз шықпаңыз.

— Көзсіз несиеге құмар болмаңыз. Мүмкіндігіңіз жететінін көзіңіз жеткенде ғана алыңыз.

— Жалақы алған күні ештеме сатып алмаңыз. Психологтардың анықтауынша жалақы алған күні адамда автоматты түрде өзін бай сезінеді. Дүкенге кірсе, есепсіз сауда жасауы мүмкін.

— Дүкенде тек қолма-қол төлеуді әдетке айналдырыңыз. Төлем карталарын қолдансаңыз, ондағы шығындарды да бақылаңыз.

— Бай-бағлан сияқты көріну үшін қымбат телефондардың соңынан «жүгіруді» доғарыңыз.Қолыңыздағы iPhone 5 тамаша жұмыс істеп тұрса, iPhone 6-ны алудың қажеті не?

— Апталық азық-түлікті қарныңыз аш кезде сатып алмаңыз. Қарны аш адам 2 есе көп алуы мүмкін.

— Жарықты өзіңіз отырған бөлмеде ғана жағыңыз.

— Қаражатты мақсатсыз жинайтын болсаңыз, жақын арада жұмсап тастайтыныңызға 100 пайыз кепілдік беремін. Егер алдыңызға мақсат қойсаңыз, мысалы: көлік алуға, онда көлікті болуыңызға кепілдік бар. Ақша мақсатсыз ешқашан жиналмайды.

— Күнделікті басы артық шығындарыңызды 365 күнге көбейтіңіз, оны тағы 10-ға көбейтіп көріңіз. Үлкен көлемдегі басы артық шығын сізді ойландыруы керек. Бұдан соң темекі тартуды, күніне 4 шоколад жеп, үйде ас әзірлеу мүмкіндігі болса да, мейрамханадан іше салудан бас тартуып қаларсыз. Маған сабағыма ноутбук қажет болды. Бірақ, оның қымбаттығынан алғым келмейтін. Оның орнына күн сайын жұмыстан шыққан соң, компьютерлік клубқа барып ойын ойнап, көрші кафеден кофе ішуді әдетке айналдырғам. Осы сияқты бірнеше басы артық әдеттерімнің 10 жылдық шығынан есептеп көрсем, 6 300 000 теңгені құртады екенмін. Бірден кофені үйден ішіп, компьютерлік ойынды доғардым. Ал, 5 айдан соң ноутбук алдым.
👍 8
❤️
👎
Открыть комментарии

170 0 0
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot