Бизнес бастауыңызға не кедергі?
Бұл пост бизнес бастағысы келетін адамдарға арналған. Егер бизнес бастағыңыз келмесе немесе істеп жүрген жұмысыңызға көңіліңіз толатын болса, онда сіз бақытты адамдардың қатарынансыз.
Ал егер бизнес бастағыңыз келсе, бірақ әл бастамаған болсаңыз, неге бастамағаныңызға жауап беріп көріңізші. Жауаптарыңызды комментарийге жазсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді. Бізге көпшілік адамдардың бизнес жасауына не кедергі екенін білу шынымен де маңызды. Мүмкін сол кедергілерді жеңуге аз да болса көмегіміз тиіп қалар деген ойдамын
Сіз жетістікке жету туралы білімге қызығасыз ба? Бизнес туралы видеолар көріп, кітаптар оқып, фильмдер көріп жүрген шығарсыз? Тіпті белгілі бір бизнес идеяңыз да бар шығар? Түбі өз кәсібіңізді бастап еркін өмір сүргіңіз келеді ме? Біздің блогты оқып, ютубтан кәсіпкерлік жайлы видеоларды қарап жүрген болуыңыз да мүмкін. Бірақ нәтиже жоқ па? Қанша кітап оқысаңыз да, әлі бизнесіңізді бастап кетуге батылыңыз жетпей, сылтауратып жүрген шығарсыз?
Неге екенін білесіз бе? Себебі сіздегі бар бизнес туралы біліміңіз тек сіздің басыңызда. Мен сізге бір нәрсе айтайын, идея барлығында бар. Кез-келген адамға барып, қандай бизнес арқылы көп ақша табуға болатынын сұрасаңыз, барлығы өзінің идеясын айтып береді. Біреу завод салу керек десе, біреу кафе ашу керек дейді, біреу саудадан артығы жоқ екеніне сенімді. Басы идея мен мотивациялық білімге толы сіз ғана емес. Бірақ шынымен де кәсіп бастап кеткендері бірен-саран ғана. Сіз олардан әлдеқайда көп білуіңіз мүмкін. Сіз қандай идеяның табысты екенін білуіңіз мүмкін.
Бірақ оны білгеннен не пайда? Сізде бәрібір бизнес жоқ, ал бастап кеткен адамда бар. Сонда ол адамның сізден айырмашылығы неде? Ең басты айырмашылық іс-әрекетте. Сіз ойлап қана қойған нәрсені, ол адам барып жасады. Егер оқыған, тоқыған нәрсеңізді іс-әрекетке айналдырмасаңыз, онда сіздің үйренген біліміңіздің құны бір тиын. Бизнес туралы видео көріп, сіз өзіңізді алдап жүрсіз. Іштей әйтеуір бір бастайтыныңызға сеніп, «қазір жақсылап білім жинап алайын» деп уақыт шегергеннен басқа ештеңе де жасап жүрген жоқсыз. Егер іс-әрекетке көшпесеңіз, өміріңіздің соңына дейін осылай жалғаса беруі мүмкін.
Содан бір күні жасы 80 келген, өмірінде ешқандай елді елең еткізетін тірлік қылмаған, күнделікті күйбең тірліктің торынан шыға алмай қалған қаусаған шал мен кемпір болғаныңызды байқамай қалуыңыз да мүмкін. Сондықтан бастап көріңіздер. Әрине бірден барлығы жақсы болып кетпейді. Алғашқы қадамды басқаннан-ақ маңдайыңызға таяқ сарт етіп тиюі мүмкін. Бірақ қартайғанда бармақ тістеп өкініп отырғанша, қателесіп болса да, тырбанып, кәсіп жасап көрген әлдеқайда жақсы.